Аймақтар • 12 Сәуір, 2020

Атырау: Пошташылар зейнетақыны үйге жеткізуде

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазпошта» АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары Ирина Юдың айтуынша, төтенше жағдайға байланысты пошташылар зейнетақыны үйге жеткізіп беруді бастады. Осы мақсатта 3 мобильді топ құрылған. Тұрғындардың қалауы бойынша пошташылар банк картасын да рәсімдеуді жүргізеді.

Атырау: Пошташылар зейнетақыны үйге жеткізуде

- Диспетчерлік қызметтің мамандары тізімдегі адамдардың мекен-жайына хабарласып, зейнетақыны үйіне жеткіз беру қажеттігін анықтайды. Содан соң ақша арнайы пакетте салынып, мобильді топтар жолға шығады. Мәселен, біздің мобильді топ қызметкерлері 6-8 суәір аралығында 164 зейнеткердің зейнетақысын үйіне апарып берді. Сондай-ақ, банктің 109 картасын иелеріне жеткізді» - дейді Ирина Ю.

 Жұмасат ҒАЗИЗ