Аймақтар • 12 Сәуір, 2020

Атырау: Моншаның шатырынан өрт шықты

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласындағы «Бірлік-2» шағынауданында орналасқан жеке моншаның шатырынан өрт шықты.

Атырау: Моншаның шатырынан өрт шықты

Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің мәліметінше, өрт кеше, 11 сәуірде кешкі сағат 18:10 шамасында болған. Жалпы ауданы 190 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сағат 18:55-те толық сөндірілген.

«Өрттен зардап шеккендер мен жазым болғандар жоқ. Шатырдағы өртті сөндіруге жеке құрамның 14 өрт сөндірушісі жұмылды. Оған 3 өрт сөндіру көлігі тартылды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

Жұмасат ҒАЗИЗ