Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19823 материал табылды

Елорда • 24 Наурыз, 2020

Елордалық коммуналдық қызметі карантин кезінде жұмысын тоқтатпайды

Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық қызметі қоғамдық көлік аялдамаларын, жол жиектерін, көшелер мен аулаларды күртік қардан тазалап, үздіксіз көлік байланысын қамтамасыз ету үшін күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 24 Наурыз, 2020

«Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің құрамы жарияланды

Елордада коронавируспен күрес жағдайында халықтың мұқтаж тобына қолдау көрсету мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Бұл туралы «Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет • 24 Наурыз, 2020

Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шаралары қаралды

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау шаралары қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 24 Наурыз, 2020

Egov.kz порталында коронавирус бойынша жағдайды мониторингілеу сервисі іске қосылды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар»АҚ-ы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, коронавирус бойынша жағдайды мониторингілеу сервистерін іске қосты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 24 Наурыз, 2020

Еліміздегі студенттердің қашықтан білім алу жүйесіне көшкеніне бір апта болды

Оқыту барысында видео-дәрістер, онлайн-курстар, «ZOOM», «Google Classroom», «MOODLE», «Univer», «Platonus», «Canvas» сынды жүйелер пайдаланылуда. «Coursera» платформасы өз курстарын тегін ұсынды және оқыту барысында сервисті тегін пайдалануға жағдай жасады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлем • 24 Наурыз, 2020

Қырғызстанның бірқатар аймақтарында төтенше жағдай жарияланады

Қырғызстанның Бішкек, Ош, Жалалабад қаласы, Ош облысының Ноокат және Кара-суу ауданы, Жалалабад облысы Сузак ауданында 25 наурыз бен 15 сәуір аралығында коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланады.

Елорда • 24 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтан қаласында 800-ден астам мұқтаж отбасыға маска мен антисептиктер таратылды

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының Волонтерлер штабы коронавирус инфекциясын алдын-алу және аса қажетті тауарлармен қамтамасыз ету бойынша тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған топтарына жанаусыз гигиеналық құралдарды (медициналық маска, антисептик құралдары) үздіксіз тарату жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан • 24 Наурыз, 2020

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 68-ге жетті

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 24 Наурыз, 2020

Тауарлардың бағасы қатаң бақыланады - Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында бірінші кезектегі сұраныстағы тауарлардың бағасы қатаң бақыланатынын айтты.

Елорда • 24 Наурыз, 2020

Алтай Көлгінов: Қалыпты өмірдің кепілі – темірдей тәртіп

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордалықтарға үндеу жолдады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.