Қаржы • 11 Сәуір, 2020

Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберіндегі операциялар бойынша шектеулерді ұзартты

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 10 сәуірде өткен отырысында қабылданған Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың елдегі төтенше жағдай режимін ұзарту туралы тапсырмасына сәйкес Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберіндегі операциялар бойынша шектеулер кезеңін 2020 жылғы 17 сәуірге дейін ұзарту туралы хабарлайды.

Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберіндегі операциялар бойынша шектеулерді ұзартты

Тұрақты қолжетімді операцияларды, оның ішінде «Қазақстан қор биржасы» АҚ-та жүргізілетін валюталық свопты және РЕПО-ны, депозиттерді тартуды және қолма-қол шетел валютасымен операцияларды Ұлттық Банк Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 13:00-ге дейін жүргізетін болады.

Ашық нарық операциялары, оның ішінде қысқа мерзімді ноттарды орналастыру бойынша аукцион және депозиттік аукцион әдеттегі режимде жүзеге асырылатын болады.