Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21553 материал табылды

Тәрбие • 27 Ақпан, 2024

Ұлттық құндылықтардың жарасымы

Әр елдің өзінің жеке-дара, ешкімге ұқсамайтын ұлттық құнды­лы­ғы­­ бар. Осы құндылықтарды баланың бойына сіңіру арқылы оның Отан­ға деген құрметін, патриоттық сезімін қалыптастыруға бо­ла­ды.­

Зерде • 27 Ақпан, 2024

Ұлт қайраткерлерін әдеби кейіпкерлердей бір-біріне қарсы қою – әбестік

Тәуелсіздік жылдары ұлт тарихын түген­деуге айрықша еңбек сіңірген тұлғаның бірі – Ұлттық ғылым ака­демиясының құр­метті мүшесі, тарих ғылымдарының док­торы, профессор Талас Омарбеков (1948-2021). Ғалымның 20-30 жылдардағы аштық қасіреті, ұлт зиялылары туралы еңбектері таңдаулы классикалық зерт­теулер қатарында. «Алаш» тарихи зерт­теу орталығында (Алматы) ұлт­тың генеа­логиялық тұтас­тығы жөнінде ғылыми-жобаларды жүзеге асырды. Абай уни­вер­ситетінде, Әл-Фараби университетінде, Ш.Уәлиханов тарих және этнология институтында тарихшы ғалымдарды даяр­лауға атсалысты. Ол – мектепке арналған «Қазақстан тарихы» оқулығының авторы. «Қазақ газеттері» құрамына енетін тарихи-танымдық «Ақиқат» журналында қызмет істеді. 4 томдық «Қазақстан (Қазақ елі) тарихын» жазуға жетекшілік етті («Ежелгі өркениеттерді зерттеу орталығы»). Парламент Сенаты әзірлеген көптомдық «Ашаршылық» жинағына қатысты. Қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жуан ортасында жүрді. Өкінішке қарай, қабілет-қарымы елге қажет шақта әлемге нәубат болып келген пандемия салдарынан бақиға озды. Ғалым қайтарының алдында (5.05.2021 жыл) Әлихан Бөкейханның 155 жыл­дық мерейтойына орай «Тарлан» интел­­лектуал­дық клубының мүшелерімен кез­десіп, ой-тұжы­рымын ортаға салған екен. Ұста­­зы­мыздың таспаға жазылып қал­ған осы сөзін хатқа түсірген едік. Биыл тарихшы-ғалым Талас Омар­бековтің ұлт ғылымына үлкен жаңа­лық алып келген «Қазақ шаруаларын жекеменшіктен айыру және күштеп ұжымдастыру» («Лишение собственности и насильственная коллективизация казахских крестьян», 1994) атты докторлық диссертациясына 30 жыл толады. Осы тарихи оқиғаны еске сала отырып, «Тарлан» алаңындағы сөзі мен соның жалғасындай жас тарихшыларға арналған онлайн пікірін (11.05.2021 жыл) оқырманға ұсынамыз.

Жәдігер • 27 Ақпан, 2024

Сәкеннің сағаты

Биыл ақын, жазушы, мемлекет және қоғам қайреткері Сәкен Сей­фуллиннің 130 жылдық мерейтойы. Осы жылдарға дейін музей қорында Сәкеннің еңбектерінен бөлек, жеке қолданылған зат­тары да сақталған. Со­ның бірі – алтынмен ап­тал­ған бағалы қалта сағаты.

Құрылыс • 27 Ақпан, 2024

ЕҰУ-да 4 жаңа Студенттер үйі салынады

Алдағы жылы Еуразия ұлттық университеті студенттерді жатақханамен толық қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. 4 жаңа Cтуденттік үй құрылысына жеке инвестиция тартылуда. Олардың бірі биылғы жазда пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Үкімет • 27 Ақпан, 2024

Күн тәртібі бекітілді

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата бюросы өтіп, 29 ақпандағы отырыстың күн тәртібі бекітілді.

Үкімет • 27 Ақпан, 2024

Инвестиция тарту жоспары тыңдалды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста өңірлердегі инвесторларға әлеуетті тартымды салалар талқыланды.

Экономика • 27 Ақпан, 2024

Жұмысты жандандыру тапсырылды

Маңғыстау облысында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин «Солтүстік-Оңтүстік» және ТХКБ көлік дәліздерін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Еңбек • 27 Ақпан, 2024

Қанша уақыт жұмыс істейсіз?

Жұмыс уақыты тәртібін бұзу – еңбек саласында ең жиі тіркелетін заң бұзушылықтың бірі. Кө­біне-көп мемлекеттік қызметшілер өздерін ті­келей басшыға тәуелді санап, артық жұмыс іс­теуге мәжбүр болатыны жасырын емес.

Пікір • 27 Ақпан, 2024

Су шаруашылығының жоғары оқу орны керек

Бүгінде мұрап – ескерусіз мамандықтардың бірі. Мұрап сөзінің түбіне үңілсек, ол – егіс суаруға басшылық ететін тоған басы, суды егістікке бөлетін арық, атыз, тоғанды жөндеу жұмыста­рын жүргізетін маман. Ғылыми тілде айтқанда – инженер-гид­ротехник.

Пікір • 26 Ақпан, 2024

Отаншылдық асқақтайтын жыл

Былтыр жүргізілген әлеуметтану зерттеулер қорытындысы ұлттық рәміздеріміздің танымалдығын арттыру аса маңызды екенін көрсетті. Мұны Президент жанындағы Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия да растап отыр.