Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19823 материал табылды

Руханият • 11 Ақпан, 2020

Бұл – адалдық пен әділдік үшін күрес

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Сай­лау­ал­ды бағдарламасындағы негізгі басым­дықтардың бірі ретінде мем­лекет пен қоғамның дамуына зор кедергі келтіріп отырған жем­қор­лы­ққа қарсы жүйелі де ымырасыз күрес жүргізу қажеттігін атап көрсеткені жайдан-жай емес. Президент мемлекет пен қо­ғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұдырықтай жұмыла біл­­уі керектігін 2019 жылғы 2 қыр­күйек күнгі «Сындарлы қо­ғам­­дық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Сы­бай­лас жемқорлықпен жан-жақ­ты күресу мәселесі күн тәрті­бі­нен түскен жоқ» деп тағы да пысықтап, нақтылап, атап көр­сет­кен болатын. Сондықтан да бұл мәселе, яғни сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес тек мем­лекеттік органдардың ғана емес, еліміздің әр азаматының ел ал­дын­дағы, тәуелсіздік алдын­да­ғы парызы деп білгеніміз жөн.

Тарих • 11 Ақпан, 2020

Чугуевтік ұшқыштар Шымкентте шыңдалған

Екінші дүниежүзілік соғыста аға ұрпақ өз анттарына адал болып, сол тұстағы ортақ отанымызды қорғау үшін ерлік көрсеткені анық. Біз бүгін осындай бір ерекше жайтқа тоқталмақпыз. Ол майдан даласынан мыңдаған шақырым алыста жатқан шырайлы мекен – Шымкент қаласының соғыс жағдайындағы тіршілігі болмақ.

Технология • 11 Ақпан, 2020

Артур ван Дизен: Цифрландыру ісінде бағытымыз бір

Таяуда Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Артур ван Дизен ЮНИСЕФ пен ел Үкіметінің инновациялар мен цифрландыруды енгі­зу бойынша бірлескен жұмыстары туралы айтып берді. ЮНИСЕФ пен Қазақстан Үкіметінің ын­тымақ­тас­тығының маңызды бағыттарының бірі – бала­лардың құқықтарын қорғау ісіне инновацияларды енгізу.

Руханият • 11 Ақпан, 2020

Дина оркестрі қалай құрылды?

1957 жылы Құрманғазы оркес­трі­нің ізінше Ахмет Жұбанов­тың ық­палымен, қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың тапсыр­масымен Аты­рауда Д.Нұр­пейісова атындағы облыс­тық­ қазақ халық аспаптар ор­кестрі құрылды. Бүгінде рес­публикадағы ірі мә­де­ниет оша­ғының бірі саналатын ұлы күйші-композитор Дина атындағы ұлт аспаптар ұжы­мының осы дең­гейге жетуін­де оның бастауында тұрған тұлға­лар­дың еңбегі зор.

Қазақстан • 10 Ақпан, 2020

Ләззат Сүлеймен «Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедициясының бастау алу рәсіміне қатысты

Сенат депутаты Ләззат Сүлеймен Алматы облысындағы Шамалған ауылында Қазақстан халқы Ассамблеясы жобасы – «Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедициясының ашылу салтанатына қатысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 10 Ақпан, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаны талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тағайындау • 10 Ақпан, 2020

Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалды

Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 10 Ақпан, 2020

Асқар Исабекұлы Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатылды

Асқар Исабекұлы Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қоғам • 10 Ақпан, 2020

Лондонда қазақстандық студенттер үшін жыл сайынғы бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

«Job Fair 2020» атты жыл сайынғы үшінші бос орындар жәрмеңкесі бакалавриат пен магистратураның соңғы курс студенттері үшін Лондон университеттік колледжінде өтті. Іс-шараны Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі, Ұлыбританиядағы қазақстандық докторанттар қауымдастығы, сондай-ақ Лондон университеттік колледжінің қазақстандық қауымдастығы (UCL Kazakh Society) «Астана» Халықаралық қаржы орталығының қолдауымен ұйымдастырды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 10 Ақпан, 2020

Педагог біліктілікті арттыру курсынан үздіксіз өте алады - Ш. Каринова

«Педагог мәртебесі туралы» жаңа Заң бойынша мектепке дейінгі білім мекемелерінде, қосымша білім беретін мекемелерде және кәсіби-техникалық білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін педагогтер үшін де санатына байланысты біліктілігін арттыру қарастырылған. Сондай-ақ  педагогикалық мамандығы жоқ, бірақ осы салада жұмыс істей алатын қызметкерлер үшін педагогикалық қайта даярлау курстары қарастырылған. Бұл жайында Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Таңатқызы Каринова айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.