Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19821 материал табылды

Президент • 05 Ақпан, 2020

Президент Конрад Аденауэр атындағы қор өкілі Томас Хельмді қабылдады

Кездесуде Томас Хельм Мемлекет басшысына Қордың Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары, жүзеге асырып жатқан жобалары мен ұйымның елімізбен арадағы ынтымақтастығының перспективасы жайында айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 05 Ақпан, 2020

Теңіз порттарындағы жүк айналымы 5 млн тоннадан асты

Су көлігі саласы - көлік-логистикалық кешенінің қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Қазақстан теңіз порттарындағы жүк айналымының қарқынды ұлғаюы, экспорттық және транзиттік тасымалдардың дамуы саланың маңызын арттыра түсті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет • 05 Ақпан, 2020

Үкімет басшысы Қазақстанның ЕО-мен инвестициялық ынтымақтастығы жөніндегі диалогтың IV отырысын өткізді

Премьер-Министр Асқар Мамин инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі диалог алаңы аясында Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кезекті кездесуді өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Парламент • 05 Ақпан, 2020

Лотереялар қызметіне қатысты заңнамалық түзетулерді І оқылымда мақұлдады

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің кезекті жалпы отырысы өтіп, депутаттар лотереялар және лотерея қызметіне қатысты заңнамалық түзетулерді І оқылымда мақұлдады. Заң жобасының мақсаты - лотереялық қызметті жүзеге асырудың жаңа ұстанымдарын одан әрі нығайту. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 05 Ақпан, 2020

Мемлекет басшысы Семей қаласының әкімін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 05 Ақпан, 2020

2019 жылы 390 000-нан астам қазақстандық қайырымдылық көмек алды

2019 жылы «Самұрық-Қазына» қоры компаниялар тобының атынан қайырымдылық бағыттағы 39 әлеуметтік маңызды жоба жүзеге асырылды. Жоба бойынша жалпы 390 000-нан астам адам қамтылды. 2018 жылмен салыстырғанда қайырымдылық көмек алған қазақстандықтардың саны 40 000-ға артты.

Қазақстан • 05 Ақпан, 2020

Дәурен Абаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа жобаларын таныстырды

Бүгін Ақордада Президент жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы өтті. Жиында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2020 жылға арналған жаңа жобаларын таныстырды.

Қазақстан • 05 Ақпан, 2020

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елеулі жұмыстар атқарылды - Мемлекеттік хатшы

Бүгін Ақордада Президент жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы өтті. Онда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың нәтижелері мен алда атқарылатын жұмыстың жаңа басым бағыттары қаралды. 

Үкімет • 05 Ақпан, 2020

А.Мамин One Web басшылығымен Қазақстанда жерсеріктік интернетті дамыту мәселесін талқылады

Премьер-Министр Асқар Мамин One Web британ компаниясының бас атқарушы директоры А. Штекельді қабылдады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 05 Ақпан, 2020

СДУ Дубай «Экспо-2020» халықаралық студент алмасу бағдарламасының эксклюзивті серіктесі атанды

Университет президенті Мейірбек Мәжитов бастаған СДУ делегациясы іс-сапармен Дубайға барып қайтты. Сапар барысында «ЭКСПО-2020 Дубай» дүниежүзілік көрмесінің әкімшілігімен кездесу өткізіп, нәтижесінде тараптар халықаралық студенттермен алмасу бағдарламасы аясында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.