Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19579 материал табылды

Парламент • 23 Желтоқсан, 2019

Сенаторлар Өзбекстандағы сайлауға байқаушы ретінде қатысты

Сенаторлар Ерболат Мұқаев және Ғұмар Дүйсембаев Өзбекстандағы сайлауға ТМД ПАА және ЕҚЫҰ ПА байқаушылар миссиясына қатысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады. 

Қоғам • 23 Желтоқсан, 2019

Қызылордада табысы аз отбасылардың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту жобасы басталды

Қызылорда облысы табысы аз, көпбалалы отбасыларға және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға және өз ісін ашуға қолдау шараларын ұсынуға бағытталған «Менің кәсібім» жобасы сәтті іске асырылып жатқан бесінші аймақ болды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан • 23 Желтоқсан, 2019

Қазақстанда лифт шаруашылығы орталығын құру жоспарлануда

Корей елінің компаниясы Қазақстанда лифт индустриясы үшін орталық салу жобасын жүзеге асыруға ниетті. Бүгін Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Баитов «Ofe Co., Ltd» компаниясының бас директоры Хам Ён-Чхер мырзамен кездесіп, алдағы уақытта ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқыға салды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қоғам • 23 Желтоқсан, 2019

Мүгедектік 5 жылға берілетін аурулардың тізбесі бекітілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылға дейінгі ҚР мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыру шеңберінде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, ересектерге мүгедектік 5 жыл мерзімге белгіленетін аурулар тізбесі бекітілді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан • 23 Желтоқсан, 2019

Динара Сәдуақасова әлемнің үздік 10 шахматшысының қатарына енді

Қазақ шахматшысы Динара Сәдуақасова  2700chess.com онлайн рейтингінде әйелдер арасында 9-орынға ие болды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қоғам • 23 Желтоқсан, 2019

Ауыл шаруашылық саласында миллионнан астам адам жұмыспен қамтылған - АШМ

Мемлекеттік статистикаға сәйкес еліміз бойынша ауыл шаруашылық саласында 1,2 млн-ға жуық адам еңбек етеді. Бұл туралы Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент • 23 Желтоқсан, 2019

Президент С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне барды

Мемлекет басшысы оқу орнының білім беру және ғылым-зерттеу жұмыстарымен танысты, сондай-ақ оқытушылармен, студенттермен әңгімелесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент • 23 Желтоқсан, 2019

Президент С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне барды

Мемлекет басшысы оқу орнының білім беру және ғылым-зерттеу жұмыстарымен танысты, сондай-ақ оқытушылармен, студенттермен әңгімелесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Руханият • 23 Желтоқсан, 2019

Ұлттық музейде сақ дәуірі ескерткіштерін зерттеу мәселелері талқыланды

Ұлттық музейде «Сақ дәуірі ескерткіштерін зерттеудің заманауи мәселелері» атты семинар өтті. Бұл туралы музейдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 23 Желтоқсан, 2019

Елордада кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту қолға алынды

Елорда әкімі Алтай Көлгінов пен Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов жұмыскерлердің еңбек жағдайын жақсарту, жұмыс орындарындағы жарақаттануды азайту және қала кәсіпорындарында ұжымдық шарттар жасау бойынша Жол картасына қол қойды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.