Қоғам • 24 Қаңтар, 2020

Нұр-Сұлтанда «Жолда қабылдау» акциясы жалғасуда

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Акция аясында елордалық полиция департаментінің қызметкерлері 09:00-ден 19:00-ге дейін мобильдік пункттерде азаматтарға кеңес береді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Нұр-Сұлтанда «Жолда қабылдау» акциясы жалғасуда

«Полицейлерден басқа іс-шараға Төтенше жағдайлар басқармасы мен Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері қатысады. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде тікелей эфир өткізіліп, онда онлайн-режимде пайдаланушылар мазалаған сұрақтарын қоя алады. Қазіргі уақытта әлеуметтік желі пайдаланушыларынан тікелей эфирде 180-нен астам сұрақ келіп түсті.

Айта кетсек, соңғы уақытта Қазақстанда шетелдік автокөліктерді тіркеу мәселесі азаматтарды толғандыруда. Әкімшілік полиция қызметкерлері осы мәселелер бойынша да түсініктеме берді. Қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон заңнамасын сақтау, сондай-ақ азаматтық қорғаныс және салық салу мәселелері бойынша кеңес беру және құқықтық көмек алу үшін жүгіне алады.

«Жедел желі» телефоны: 8 (7172) 71-69-77» делінген хабарламада.