Аймақтар • 22 Қаңтар, 2020
Шымкентте ТМД елдерінің мәдени астанасына дайындық барысы пысықталды
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен ТМД елдерінің мәдени астанасы іс-шараларын өткізу және дайындық жұмыстары бойынша мәжіліс болып өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2020
Елордада күрделі жөндеуден өткен жолаушылар вагондары таныстырылды
Бүгін «Нұрлы жол» вокзалында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры М. Кортюм БАҚ өкілдеріне Гомель қаласында (Беларусь Республикасы) күрделі жөндеуден өткен жолаушылар вагондарын көрсетті. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығы хабарлады.
Үкімет • 22 Қаңтар, 2020
А. Сапаров GFA Group GmbH компаниясының өкілдерімен келіссөздер жүргізді
Айдарбек Сапаровтың басшылығымен Қазақстан делегациясы Берлинде өткен «Жасыл апта 2020» (International Green Week 2020) халықаралық азық-түлік көрмесінің ашылу барысында «Қазақстан-Герман аграрлық-саяси диалог» жобасы шеңберінде Германия Федералды азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігінің (BMEL) және GFA Group GmbH компаниясының өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2020
Өскемен-Алтай тас жолының 64-шақырымында қар көшкіні жүрді. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2020
Нұрсұлтан Байтілесов Жоғарғы Сот Аппараты басшысының орынбасары болды
Президент Әкімшілігінің келісіміне және Жоғарғы Сот Төрағасының өкіміне сәйкес Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі Нұрсұлтан Төленұлы Байтілесов Жоғарғы Сот Аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2020
Бүркітшілер арасында «Жайық қыраны – 2020» турнирі өтеді
24-26 қаңтар аралығында Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы, Сарыөмір ауылында бүркітшілер арасында «Жайық қыраны – 2020» республикалық турнирі өтеді. Байқауға еліміздің әр өңірінің бүркітшілері жиналады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 22 Қаңтар, 2020
Алматыда «Pygmalion галереясының раритеттері» атты көрме өтіп жатыр
Мәдениет және спорт министрлігі, Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы мен Pygmalion галереясының ұйымдастыруымен «Pygmalion галереясының раритеттері» атты көрме өтіп жатыр. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2020
ТурСтат: ТМД елдеріндегі ең танымал тау шаңғы курорттары
«ТурСтат» туристік порталы ТМД елдері арасында 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларына арналған ең үздік және танымал тау шаңғы курорттарының тізімін жариялады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 22 Қаңтар, 2020
Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады
Кездесуде Талғат Донақов Президентке Жоғарғы Сот Кеңесінің 2019 жылғы жұмыстарының қорытындылары жайында баяндады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2020
2019 жылы ақылы жолдардан 5 млрд теңгеден астам түсім түсті
Өткен жылдың қорытындыларына сәйкес «Нұр-Сұлтан – Шучинск», «Нұр-Сұлтан – Теміртау», «Алматы – Қорғас» және «Алматы – Қапшағай» ақылы жолдарынан түскен түсім 5,4 млрд теңгені құрады.