Әлем • 25 Сәуір, 2024
Қырғызстанның Ош облысында сел жүріп жатыр
Қырғызстанның бірнеше аймағында сел жүріп жатыр. Ош облысында төтенше жағдай жарияланып, 100-ге жуық үйді су басты.
Қоғам • 25 Сәуір, 2024
Халық ассамблеясы: Мақсат пен меже
Әр қазақтың баласы «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген мағыналы мақалды санасына құйып өсті. Сол қасиетті ұстаным тәрбиемен бойға сіңді. Сондықтан тағдырдың тәлкегімен қоныс аударған этностарды бауырына басқан бабалар жолына қиянат жасамай, ізін жалғастырып, бірлікті сақтау – аманат. Өткен мен бүгіннің арасын жалғап тұрған алтын арқау да осы.
Білім • 25 Сәуір, 2024
Білім мазмұнының жаңаруы – қалыпты үрдіс
Қазіргі оқушы – ақпараттық-коммуникативтік технологияны жетік меңгерген, ақпараттық кеңістікте еркін жүзе алатын тұлға. Сондықтан да заман талабына сай білім беру, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының сөзімен айтқанда, «Баланы ата-анасының үміті мен мемлекет көздеген мақсаттағы адам қылып шығару» – мектептің міндеті.
Жоба • 24 Сәуір, 2024
Қаржылық сауатты арттыратын жоба
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың төрағалығымен өткен кеңесте азаматтардың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыру барысы талқыланды.
Тағзым • 24 Сәуір, 2024
Халық мұрасын ыждағатпен хаттаған
Ұлы дала жыраулары мен жыршыларының даналық, тапқырлық, шешендік өнегесін, аманатын, сыншылдық көзқарасын, рухын тірілткен, бірқатар эпостық шығармаларды хатқа түсірген, қолжазбаларды жинақтап, жүйелеп зерделеген филология ғылымдарының докторы, профессор Оразгүл Нұрмағамбетова (1923-2003) есімі ғылыми ортаға жақсы таныс. Оның «Казахский героический эпос «Кобланды батыр» (1988), «Ұлы жыршы» (1972), «Өмір өрнектері» (2004) атты сүбелі еңбектерінде халық ақындарының (Жамбыл, Нұрпейіс, Үмбетәлі) шығармашылығы, айтыс өнері, фольклор мен әдебиеттің өзара байланысы зерттелінген. Әсіресе, қазақтың эпикалық мұрасы «Қобыланды батыр» хақындағы ой-тұжырымдары жаңаша таным, көзқарас, пайым тұрғысынан бағалы. Ғылым текстологиялық, типологиялық салыстырулар жасап, ауызша поэзия өкілдерінің көркемдік әдіс-тәсілдерін, жыршылық, жыраулық, орындаушылық өнер ерекшелігін, кәнігі шебер жыршылардың әлеуетін, көңіл қалауын, түпкі сырын, қызығушылықтарын көрегендікпен байқайды. Сондықтан да жырлау үдерісінде алуан қырлы тәсілдерді, сарын-мақамдарды қолданатынын жетік түсіндіреді.
Пікір • 24 Сәуір, 2024
ЮНЕСКО-ның мәліметінше, әлемде 770 миллион ересек, 16 миллион жас азамат хат танымайды. Бұл – шамамен дүние халқының 10 пайызы. Осы санақта Сомали көш бастап тұр. Мұнда 15 жастан деп есептегенде жұрттың 5 пайызы ғана мектеп көрген. Осы жүйемен қарағанда, Чад (22%), Мали (31%), Ауғанстан мен Орталық Африка Республикасы (әрбірі 37%), Буркина-Фасо (39%) Гвинея (40%), Гвинея-Бисау (42%), Сьерра-Леоне (43%), Либерия (48%) болып кете береді...
Қоғам • 24 Сәуір, 2024
«Далада ұйықтап жатқан». Жетісу облысының тұрғыны әкесін үйден қуып шықты
Жетісу ауданы Сарыөзек ауылында ер адам қарт әкесін көшеге қуып жіберген. Бұл туралы полицияға отбасының көршілері хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2024
Ұлытау облысында 18 миллион түп ағаш отырғызылады
Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы Қараағаш орманшылығында 2025 жылға дейін 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2024
Елдегі асфальт-бетон зауыттары тексеріліп жатыр
Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Қазақстандағы асфальт-бетон зауыттарын тексерістен өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Сәуір, 2024
Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдіктердің саны нақтыланды
2024 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 13 536 шетелдік азамат жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.