Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21555 материал табылды

Тарих • 01 Ақпан, 2024

«Ұран» – ұлттың үні

Ақ патша тақтан тайған Ақпан төңкерісінен кейін Қазақ даласының әр түкпірінде ұлт зиялылары бас қосып, автономия жайын ақылдаса бастады. Әрине, сол кезеңде ұлт болып ұйысу үшін ең керекті құралдың бірі газет болатын. Бөкейлік белсенділердің тез арада бас құрап, жарияға шығарған басылымы – «Ұран» газеті.

Халық • 01 Ақпан, 2024

Ауған асқан ағайын

Өткен жылы 15–23 желтоқсан аралығында ғылыми қызметкер Елдос Сауырқан екеумізге Ауғанстанға барудың сәті түсті. Бастамамызға қолдау білдірген – институт басшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Ермұқанұлы. Сапарымыздың басты мақсаты – ауған тарихшы-ғалымдарымен кездесіп, оларды институт жұмысымен таныстырып, ел тарихына қатысты деректер жинақтау.

Басылым • 01 Ақпан, 2024

Басқа басылымдардан: Сирия бойынша келіссөздер өтті

Сирия бойынша келіс­сөздердің жаңа раунды басталды. Келіссөздің күн тәртібіне Сирия төңірегіндегі өңірлік ахуалдың өзгеруі мен сол жердегі жағдай, терроризмге қарсы күрес, сенім шаралары және тағы басқа мәселелер кіреді.

Мектеп • 01 Ақпан, 2024

Бала бауыр басатын мектеп

Алланың қалауымен бір ауыз түрікше білмейтін үш немерем Ыстанбұлда түрік мектебінде оқитын болды. Бірі – бастауышта, екіншісі – орта буында, үшіншісі жоғары сыныпқа барды.

Тұлға • 01 Ақпан, 2024

Намысы – әдебиеттің қасиеті

«Ақан сері», «Жапандағы жалғыз үй» секілді тамаша романдар, «Заманай мен Аманай» повесін, «Сабалақ-Абылай», «Ажар мен ажал», «Қызым, саған айтам», «Өлара», «Жаралы гүлдер», «Қысылғаннан қыз болдық» атты пьесалар жинағын дүниеге әкелген, мұнымен қоса публицистика және әдебиеттанумен шұғылданған Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен Жүнісовтің туғанына – 90 жыл.

Зерде • 01 Ақпан, 2024

Қазыналы әулеттің үш өкілі

Қара Ертіс бойындағы қалың елдің өскелең ұрпағы оқыған білім ұясы – Семейдің мұғалімдер семинариясы мен шалғай мекен – Баянауылдағы Сәтбаевтар әулетінің тарихи байланысы әріден бас­талады. Семей мұғалімдер семинариясы ашылған жылдары Семей – губерния орталығы, Павлодар уездік қала болатын. Өмірбаяндық дерегінің бірінде Қ.Сәтбаев: «...білім жолына жүйелі түскенім үшін туысым, ескі зиялы Әбікей Зейінұлы Сәтбаевқа қарыздармын», деп жазады. Академик Ә.Марғұлан да естелігінде: «Ағасы Әбікей Сәтбаев – Қаныштың аса жақсы көріп, қадірлеген адамының бірі. Қаныштың есеюіне, білім алып, маман болуына ол кісінің сіңірген еңбегі аз болмаған. Бүгінгі Шығыс Қазақстан, Семей, Павлодар облыс­тарынан шыққан оқымысты жастардың Әбікейден оқы­ма­ғаны кемде-кем», дейді. Қаныштың Семейге келуіне себепкер немере ағасы Әбікей Сәтбаев еді.

Тұлға • 01 Ақпан, 2024

Қайраткерлік өнегесі

Елдігімізді еңселендірген тұлғалар қатарында халқымыздың ардақты перзенті Қаратай Тұрысовтың алар орны ерекше. Тұрысовтың табиғатын танытатын бір ғана түйінді сөзді іздер болсақ, қазақтың тұлға деген асыл ұғымы ойға оралады.

Мирас • 01 Ақпан, 2024

Адай жылқысы халықтық селекцияның үздік жетістігі

Тарихқа үңілсек, қазақтың Адай жылқысына орыс ғалымдарының аңсары ақ патшаның заманында-ақ ауғаны байқалады. Атты әскер командирі М.Арнольди жазбаларында Адай жылқысы жақсы сипатталған. Бірінші – төзімділігі, екінші – ауырмайтындығы, үшінші – сусыз жүз шақырым жерді жүріп өтетіні, төртінші – асандықпен арымайтыны, бесінші – арқасының жауыр болмайтыны, алтыншы тұяқтары мықты болатыны айтылған. Жылқы ұстаймын дегендерге бұдан артық не керек?

Егемен Қазақстан • 01 Ақпан, 2024

«Хат қоржын»

Театр • 01 Ақпан, 2024

Сахнада – Француз классикасы

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында кезекті премьера өтті. Француз композиторы Флоримон Эрвенің «Мадемуазель Нитуш» опереттасы аталған театр қоржынына 20-қойылым болып қо­сыл­ды. Либретто авторлары – Анри Мелья мен Альбер Мийо. Қою­шы режиссері – Алуа Сабо.