Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19578 материал табылды

Қоғам • 25 Қараша, 2019

Елордада қар тазалауға 1431 жол жұмысшысы шықты

Бүгін Нұр-Сұлтанда қар тазалауға 1431 жол жұмысшысы мен 684 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Қазақстан • 25 Қараша, 2019

Картоп және көкөніс өсірушілерінің мәселелерін шешу үшін Жол картасы әзірленеді

Ауыл шаруашылығы министрі әр сенбі сайын салалық қауымдастықтармен және ірі өңдеуші кәсіпорындармен кездесуді жалғастыруда. Осы сенбі күні Сапархан Омаров «Қазақстанның картоп және көкөніс өсірушілері» одағының басшысы Қайрат Бисетаевпен кездесті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 25 Қараша, 2019

Тұңғыш Президент күніне орай елорда тұрғындары мен қонақтарына тегін экскурсия жүргізіледі

30 қараша мен 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге орай қала тұрғындары мен қонақтары «Red Bus» екі қабатты экскурсиялық автобустарымен қаланы тегін аралай алады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Қоғам • 25 Қараша, 2019

2019 жылы 20 мыңнан астам шетелдікке Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілді

2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға 20 мың 557 рұқсат берілген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Спорт • 25 Қараша, 2019

Шорт-тректен Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогіне аттанды

Шорт-тректен жаңа маусым жалғасуда. Жақында АҚШ пен Канададағы әлем кубогінен оралған қазақстандық спортшылар кезекті жарысқа қатысу үшін Жапонияға ұшып кетті. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Спорт • 25 Қараша, 2019

Әбілхан Аманқұл Ақтаудағы халықаралық турнирде топ жарды

Ақтауда қазақ боксының атасы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған ХІІ халықаралық турнир мәресіне жетті. Боксшылар додасына бес мемлекеттен 70-тен аса спортшы қатысты. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Қазақстан • 25 Қараша, 2019

Ақтоты Райымқұлова Ержан Максимді құттықтады

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Junior Eurovision - 2019 ән байқауында жүлделі 2-орын алған Ержан Максимді жеңісімен құттықтады.

Президент • 25 Қараша, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады

27 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековтің шақыруымен Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Қоғам • 25 Қараша, 2019

Шекарашылар браконьерлердің жолын кесті

Кеше Шонжы шекара жасағы А. Онопко атындағы шекара заставасының учаскесінде заңсыз аң аулап жүрген 1969 жылы туған және 1971 жылы туған ҚР екі азаматы ұсталды. Бұл туралы Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тағайындау • 25 Қараша, 2019

Ержан Еркінбаев «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

Директорлар кеңесінің шешімімен Ержан Мәлікұлы Еркінбаев «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.