Технология • 04 Қаңтар, 2020

14 қаңтардан бастап Windows 7 жүйесі жұмысын тоқтатады

780 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Windows 7 жүйесінің шыққанына 10 жыл толды. Сондықтан 2020 жылдың 14 қаңтарынан бастап бұл жүйе қолданыстан шығады. Бұл туралы microsoft.com хабарлады.

14 қаңтардан бастап Windows 7 жүйесі жұмысын тоқтатады

Microsoft компаниясы өкілдерінің айтуынша, Windows 7 жүйесімен жұмыс істейтін компьютерлер істен шықпайды. Алайда техникалық қолдау және бағдарламалық қамтамасыз ету жаңаруын тоқтатады. Оның үстіне ескірген жүйені қолданушыларға қауіпсіздік жүйесінің жаңаруы мен түзелуі туралы хабар келмейді. Мұның бәрі компьютерге вирус қаптау қатерін төндіретін көрінеді.

Ал компания қолданушыларға Windows 10 жүйесіне көшуді ұсынады.

Компания өкілдерінің айтуларына қарағанда жаңа гаджеттердегі бұл жүйенің артықшылықтары аз емес көрінеді.