Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19570 материал табылды

Президент • 12 Қараша, 2019

Қазақстан Президенті Иранның Сыртқы істер министрін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында «Astana Club» халықаралық пікірталас алаңына қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зарифті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Экономика • 12 Қараша, 2019

Жанармай өндіру көлемі 3,6 млн тоннаны құрады

Энергетика министрлігінің деректері бойынша, осы жылғы 10 ай қорытындысы бойынша мұнай және конденсат өндіру көлемі 74,8 млн тоннаны құрады. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3% артық немесе осы жылғы 10 айының жоспарына 102% құрады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Қазақстан • 12 Қараша, 2019

Қазақстанның ғарыш саласын дамыту мәселелері талқыланды

Премьер-Министр Асқар Мамин «Қазақстандағы ғарыш күндері: Байқоңыр – әлемдік ғарышкерлік бесігі» форумының ашылуына қатысты. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Спорт • 12 Қараша, 2019

Қазақстандық зияткерлер робототехникадан өткен халықаралық жарыстың қола жүлдегері атанды

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Любовь Дудченко Дүниежүзілік роботтар олимпиадасында III орынға табан тіреп, қола медаль жүлдегері атанды. Ол талдықорғандық зияткерлермен бір құрама топта өнер көрсетіп, шығармашылық категорияда бақ сынады. Халықаралық жарыс 8-10 қараша аралығында Венгрияның Дьёр қаласында өтті.

Қоғам • 12 Қараша, 2019

Халықтың нақты табысының өсуі 6,4%-ды құрады — ҰЭМ

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында 2019 жылдың қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің орындалуы мәселелері қаралды. Биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан • 12 Қараша, 2019

Биыл 10 айда жалпы ет өндіру көлемі 5,5%-ға артты

Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров Премьер-Министр А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылғы қаңтар-қазандағы ауыл шаруашылығы саласын дамыту туралы баяндады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Бағдарламалар • 12 Қараша, 2019

«7-20-25»: 10 мыңнан аса қазақстандық займ алды — Ұлттық банк

Премьер-Министр А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев 2019 жылғы қаңтар-қазан айларындағы ақша-несие саясатының іске асырылуы туралы баяндады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Экономика • 12 Қараша, 2019

Биыл қаңтар-қазан айларында республикалық бюджет кірістері 17%-ға ұлғайды - Қаржы министрі

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында 2019 жылдың қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің орындалу мәселелері қаралды. Мемлекеттік бюджеттің орындалуы туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов баяндады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Спорт • 12 Қараша, 2019

Стенд ату: Азия чемпионатында жастар екі жүлде алды

Стедн атудан Катардың астанасы – Дохада өтіп жатқан Азия чемпионатының кезекті жарыс күні еліміздің жастар құрамасы табысты өнер көрсетті. 

Үкімет • 12 Қараша, 2019

10 айда Қазақстан экономикасының өсімі 4,4% құрады

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2019 жылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалуының қорытындылары қаралды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.