Пікір • 18 Сәуір, 2024
Президент табиғаттың тосын мінезінен туындаған биылғы су тасқынын бұрын-соңды болмаған үлкен табиғи апат деп атап, жауапты сәтте барша азаматты қиын жағдайда қалған халыққа қол ұшын созуға шақырды. Мемлекет басшысының сын сағатта халқымызға жасаған үндеуі «Ауыл» партиясы өкілдері тарапынан кеңінен қолдау тапты.
Қоғам • 18 Сәуір, 2024
Жас ұрпақты кітап оқуға қалай баулимыз?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Ұлттық құрылтайда: «Біз ең алдымен жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Тәуелсіздік кезеңінде елімізде кітапхана ісі кенжелеп қалды. Тоқсаныншы жылдардағы аласапыран уақытта мыңдаған кітапхана жабылды. Миллиондаған кітап қорынан айырылдық. Соңғы жылдары жағдайды түзеу үшін әрекет жасалып жатыр. ...Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады. Сондықтан кітапхана ісін дамытуға бейжай қарауға болмайды. Кітап оқырманға қолжетімді болуы керек. Жалпы, бұл саланы жетілдіру үшін басқа да ауқымды шараларды қолға алу қажет», деді.
Пікір • 18 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың Атыраудағы жиынында: «Тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг пен агрессия да қазіргі уақыттағы қатерлі үрдіс. Ашығын айтсақ, қоғамда қатыгездік күшейіп барады. Біреуге тіл тигізіп, ар-намысын таптап, тіпті, ұрып-соғуға дайын тұратындар аз емес. Мұндай теріс әрекеттерге көз жұма қарауға болмайды. Біз осы қоғамдық дертті жасырмай, ашық айтуымыз керек. Азаматтарымыз үйде де, түзде де өзін қауіпсіз сезінуге тиіс. Бір сөзбен айтқанда, қауіпсіз ортада өмір сүруі керек. Заң мен тәртіп қатаң сақталуға тиіс, яғни қоғамда заң үстемдігі болуы қажет», деп атап көрсетті.
Пікір • 18 Сәуір, 2024
Елімізде отбасылық зорлық-зомбылық – кең тараған жат қылық. Оған физикалық, психологиялық, экономикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылық жатады. Сондықтан тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қатаң жазаға тарту мәселесі қашанда қоғам назарында.
Руханият • 18 Сәуір, 2024
Сәуірлетіп Қазақ еліне Саха Жазушылар одағы басқарма төрағасы Н.Харлампьева бастаған бір топ қаламгер қауымы мәдени алмасулар мақсатымен келіпті.
Пікір • 17 Сәуір, 2024
Қылмысқа төзбеушіліктің тегеуріні
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарға қол қойды. Бұл заңдар бір топ Парламент депутаттарының бастамашылығымен әзірленді.
Театр • 17 Сәуір, 2024
Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында Дина Жұмабаеваның режиссурасымен қойылған «Қобыланды» спектаклінің премьерасы өтті. Эпостың сахналық нұсқасын өзі жасаған режиссер спектакльді қаһармандық үлгіде шешуден бас тартып, эпикалық сарынның сақталуына мән берген.
Руханият • 17 Сәуір, 2024
Бүгінгі кейіпкеріміз – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» құрмет белгісінің иегері, журналистикада да, мемлекеттік қызметте де іскерлігімен көзге түскен, поэзия мен прозада бақ сынаған, сатира жанрында бірнеше жинақ ұсынған белгілі қаламгер Өріс Яшүкірқызы.
Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Ұландық курсанттар Петропавлдың ауызсуға арналған станциясын қорғап қалды
Ұлттық ұлан академиясының 400 курсанты су тасқынына байланысты Петропавл қаласы аумағындағы маңызды нысандарды судан қорғау жұмыстарына жұмылдырылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Kaspi.kz су тасқынынан зардап шеккендерге 20 миллиард теңге бөледі
Kaspi.kz-тің негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу мақсатында 20 миллиард теңге бөледі. Қаражат Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қираған тұрғын үйлерді жөндеуге, сатып алуға және салуға жұмсалады.