Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19570 материал табылды

Қоғам • 08 Қараша, 2019

Қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету қажет

Елордада Қазақстанның Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұловтың төрағалығымен «Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара барысында жұмыс орындарындағы қауіпсіздік техникасын сақтау мәселелері, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы қазіргі проблемалар және оны шешу бо­йынша қабылданған шаралар қаралды.

Қоғам • 08 Қараша, 2019

Жолдарды қысқы кезеңге дайындау жалғасуда

«Қазақавтодор» ЖШС республикалық маңызы бар жолдарды 2019-2020 жылғы қысқы кезеңге дайындау аясында көліктің қауіпсіз және кедергісіз қозғалуына ықпал ететін қажетті жұмыстарды жүргізуде.

Экономика • 08 Қараша, 2019

Азық-түлік бағасы бақылауда ма?

Басқа өңірлерге қарағанда Түркістан қаласында әлеуметтік азық-түлік бағасы төмендеді. Бұған Түркістан облысы әкімдігі, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы, Тұрақтандыру қорының өкілдері мен журналистер тобы қала дүкендеріндегі әлеуметтік өнімдермен қатар нанның бағасын тексеруге рейд ұйымдастыру нәтижесінде көз жеткізді.

Медицина • 08 Қараша, 2019

Мәмс – маңызды реформа, дұрыс бағыт

Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында арнайы тоқталған болатын. Медициналық сақтандыру қоры – тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы. Қор халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді Үкімет бекіткен тәртіп бойынша сатып алады. Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиа­лымен келісімшартқа отырған медициналық қызмет ұсынушылардың бірі – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№6 қалалық емханасы». Біз осы емхананың емдеу-профилактикалық қызметінің басшысы Есжан ҚАЛИЕВКЕ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты тұрғындарды мазалап жүрген мәселелерді сауал ретінде қойған едік.

Қоғам • 08 Қараша, 2019

Ғалымның хаты өлмейді...

Саналы ғұмырын ғылымға арнап, соңына талай құнды дүние қалдырған ғалымдар аз емес. Соның бірі – үздіксіз ізденіс пен жанкешті еңбектің нәтижесінде өз қолтаңбасын қалыптастырып, қаншама шәкірт тәрбиелеген академик Әбдіғаппар Кенжебайұлы Жәкелов.

Қоғам • 08 Қараша, 2019

Академик

Қоғам • 08 Қараша, 2019

Таңбалар әлеміндегі мәдени жарылыс

Белгілі француз ойшылы Леви-Стросстың «ХХІ ғасыр – гуманитарлық ғылымның ғасыры болады, әйтпесе ол мүлде болмайды» дегені бар. Ал Тарту-Мәскеу семиотикалық мектебінің негізін қалаушы Юрий Лотман болса, «Адамзаттың зияткерлік тарихы – адам жады үшін күрес» дей келе, бұл мәселеге одан да кеңірек қарайды.

Қоғам • 08 Қараша, 2019

Демократиялы қоғам құру басты бағыт

Президент Қ.Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміз тәуелсіздік алған жылдары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен дүние жүзіндегі тұрақты да беделді мемлекеттердің біріне айналғанын, бұл кезеңнің «жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім» кезеңі болғанын атап өтті.

Қоғам • 08 Қараша, 2019

Ғылымсыз сапалы білім беру мүмкін емес

Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көтерілген мәселелердің бірқатары білім беру жүйесіндегі өзгерістер туралы месседждерінің жалғасы болды. Президент басты мәселелер ретінде қалалық және ауылдық мектептер арасындағы орта білім сапасындағы алшақтықты, оқулықтар сапасының жеткіліксіздігін, елдің жоғары оқу орындарының талапқа сәйкес келмейтін деңгейін атады.

Парламент • 08 Қараша, 2019

Нақты экономикаға апаратын жол

Қазақстан 90-шы жылдардың бірінші жартысындағы экономиканың толық құлдырауынан осы жылдардың екінші жартыжылдығынан бас­тап экономиканың тұрақтануы мен өсіміне бет алған ауыр жолдардан өтті. Осы кезеңдерде шикізат саласына басымдық беріліп, соңғы онжылдықта экономиканың өңдеу секторы қарқын алып, өндірісті әртараптандыру жолға қойылды.