Қоғам • 18 Қараша, 2019
Елордада бір ай бойы 45 теңгеге жол жүруге болады
Елорда тұрғындары 18 қарашадан бастап 18 желтоқсанға дейін жол жүру ақысын 50% жеңілдікпен SMS және QR-код арқылы төлей алады. Бұл туралы «Astana LRT» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Футбол • 18 Қараша, 2019
Футболдан Еуропа чемпионаты іріктеу аясында сынға түсіп жатқан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Сан-Мариномен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Әлем • 18 Қараша, 2019
Тарихтың бағыт-бағдарын өзгерткен дана көшбасшы
Нұрсұлтан Назарбаев президенттік қызметіне алғаш кіріскен күні экономикасы құлдырау алдында тұрған мемлекетке басшылық еткен болатын. Елде капитал жетіспеушілігі, өндірістің тоқырауы, жұмыссыздық пен жоғары инфляция болашаққа сеніммен қарауға кедергі болғаны белгілі. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тарих сахнасында пайда болған мемлекеттің еркін нарық экономикасы саласында тәжірибесі жоқ еді.
100 • 18 Қараша, 2019
Сауытбек АБДРАХМАНОВ: Азамат еткен «Егемен», ардақтамайын неге мен?
Бас басылымның ғасырлық тойы да келіп жетті. Газетке арғы-бергіде басшылық еткен қаламгерлерді, қайраткерлерді, редакция ардагерлерін құрмет тұтатын, еңбегін айшықтап айтатын жақсы дәстүрімізбен олар жайында жүйелі жазып та, естелік мақалаларын, сұхбаттарын жариялап та жүрміз. Той қарсаңындағы құрметті сөз кезегі бас газетті ең ұзақ басқарған тұлға – Парламент Мәжілісінің депутаты, көрнекті публицист, әдебиеттанушы Сауытбек АБДРАХМАНОВҚА беріліп отыр.
Экология • 18 Қараша, 2019
Мысықтабандап мия жұлғандар көбейді
Мия өсімдігінің Қазақстанда 5 түрі кездеседі. Атап айтқанда, есек мия, ақ мия, жалаң мия, қызыл мия, миятамыр. Қызыл мия және миятамыр түрлерінің тамырында гликозид, сахароза, эфир майы, органик, қышқылдар, минерал тұздары бар. Қызыл мия тамыры косметологияда тері дақтарын кетіру үшін, сонымен қатар терінің қартаюының алдын алуға қолданылады. Ең бастысы, мия тамыры түрлі аурулардың алдын алуда таптырмайтын «табиғат құдіреті» болып табылады.
Қоғам • 18 Қараша, 2019
Қабырғалы қарт Қаратаудың қабағы ашылмағаны қашан? Қалай ашылсын, қойнауындағы сылдырап аққан бұлақтар тартылып, аң-құс біткен жоғалып бара жатса. Бір кездері Қаратаудың ұшар басында арқар, тауешкі, елік ойнақ салып жүретін. Дуадақ, қырғауыл, шіл, бөдене, бұлдырық сынды құстар сан түрлі әуенмен маңайды шаттыққа бөлеп тұрушы еді. Бүгінде тау қойнауынан ұшқан құс, жүгірген аң көру қиын...
100 • 18 Қараша, 2019
1995 жылы түрлі себептермен «Халық кеңесі» газеті таратылып, сонда қызмет істейтін журналистерді тиісті министрлік жұмыссыз қалдырған жоқ, қолдарынан келгенше әртүрлі республикалық газет-журналдарға орналастырды да, арасында осы жолдардың авторы да бар, бір топ қыз-жігіт жыл соңына қарай «Егемен Қазақстан» газетіне қызметке қабылдандық.
Парламент • 18 Қараша, 2019
Дамуы даусыз елдің халқы қамсыз
Көрнекті жазушы Саттар Ерубаевтың «Кешегі езілген жарлы – бүгін ауқатты, мәдениетті колхозшы» деп жазғаны болушы еді. Қазір бұл біртүрлі естіліп, езуге күлкі үйіруі мүмкін. Ал шынында, өмір заңдылығы көп өзгере қойған жоқ: кеше аз қамтылған отбасының ізінше ауқаттылар қатарына қосылуы немесе кейбір отбасы «қоғамның осал тобының» қатарын көбейтуі ғажап емес.
Руханият • 18 Қараша, 2019
Ораз-Мұхаммед сұлтанға құлпытас қойылды
Қазақ даласынан 16 жасында тұтқында кетіп, Мәскеу патшалығында құрметті аманатта өткізген 22 жылының 10 жылын жарты патшалықтың әміршісі ретінде ел билеуге арнаған Қасым хандығының ханы, қазақ даласының сұлтаны Ораз-Мұхаммедке 15 қарашада денесі көмілген топырақта – Ресей Федерациясының Рязань облысы, Қасымов ауданында Құран бағышталып, құлпытас қойылды.
Қазақстан • 15 Қараша, 2019
Сенатор Ләззат Сүлеймен Ақмола облысындағы соттарда болды
Парламент Сенатының депутаты Ләззат Сүлеймен Ақмола облысының соттарында болып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соттан тыс және сотқа дейінгі дауларды реттеу институттарды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу аясында олардың қызметімен танысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.