Қазақстан • 03 Желтоқсан, 2019

ҚАЖ департаментінде Тұңғыш Президент күні тойланды

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мәжіліс залында 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті.

ҚАЖ департаментінде Тұңғыш Президент күні тойланды

Салтанатты жиын Қазақстан Республикасы әнұранын орындалуымен басталды. Одан соң департамент бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Жүніс Әбдіқайыров айтулы мерекемен құттықтап, «Елбасымыз Н.Назарбаевтың тәуелсіздік жылдарындағы ерен еңбегі туралы айтып өтті. Еліміздің тыныштығы мен ұлтаралық татулық және Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріміз тұңғыш Президентімізбен байланысты. Еліміздегі құқықтық тәртіпті қадағалаудағы жеткен жетістіктер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салихалы саясатының арқасы» – деді. Осы айтулы күні қызметтегі жақсы жетістіктері  үшін ҚАЖ департаменті мен мекеменің 19  қызметкері   Қазақстан Республикасының ІІМ ҚАЖ комитеті және ҚАЖ департаменті бастығының құзырымен грамотамен және алғыс хаттарымен марапатталды.Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 мекемесінің бақылаушысы әділет пропоршигі М.Арыспеков «ҚАЖ үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Шара соңында  қызметкерлерге Президентіміз Н.Назарбаев туралы деректі фильм көрсетілді.