Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19563 материал табылды

Қоғам • 07 Қазан, 2019

Білім беру сапасы – болашаққа кепіл

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы халыққа Жолдауы ел дамуындағы маңызды сатыларды айқындады.

Қазақстан • 07 Қазан, 2019

Жүйелі жұмыстың басты бағдары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы алдағы күндері қазақстандықтардың өміріне оң өзгеріс әке­летініне сенім зор. Ел Президенті өз Жолдауында Қазақ­станда «Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет» деген ұғым өз мағынасына толық сай болу қажеттігін қадап айта отырып, оған бастар негізгі жолдарды нақты көрсетті.

Қазақстан • 07 Қазан, 2019

Халық көбейсе, қауіп азаяды

Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап шеттегі қандастарымызға сауын айтып, оларды атамекенге қоныс аударуға шақырды. Соның нәтижесінде тәуелсіздік жылдарында Қазақстанға миллионнан астам қандасымыз көшіп келді.

Қоғам • 07 Қазан, 2019

Медициналық сақтандыру – алға қадам басу

Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады. Бұл тура­лы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында арнайы тоқталып, мемлекет тарапынан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі сақталатынын, оны қаржыландыруға келесі үш жыл ішінде 2,8 трлн-нан астам теңге бағытталатынын айтқан болатын. Медициналық сақтандыру қоры – тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы. Қор халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді Үкімет бекіткен тәртіп бойынша сатып алады. Мемлекеттік тапсырыс аясында елордалықтарға медициналық қызмет көрсету үшін биыл 95 медициналық ұйым Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалымен келісімшартқа отырған. Солардың бірі – Қазақ көз аурулары ҒЗИ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы. Қазір адамдардың көпшілігінің жұмысы компьютермен байланысты. Жұмыстан үйге келгенде тағы да теледидар алдында тынығамыз. Көзіміз күні бойы дамыл таппайды. Тіпті заманауи деген экранның өзі көзге зиян екені белгілі. Сондықтан көздің көру қабілетін сақтау жалпы адамзатқа ортақ мәселе боп отыр. «Көз жанарын күте аламыз ба? Көз сырқаттарынан тағайындалған дәрі-дәрмектерді уақытылы қолдану арқылы толық жазылуға бола ма, әлде ота жасау арқылы емделе ме? Медициналық сақтандыру жүйесінен не күтеді?» Осы және өзге де сауалдарға Көз аурулары ҒЗИ Астана қалалық филиалының директоры, жоғары санатты офтальмолог-хирург, медицина ғылымдарының кандидаты Әйгерім ТӨЛЕТОВА жауап берді.

Аймақтар • 07 Қазан, 2019

Түйіршік отынды тұтына бастады

«Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» МКК көмір мен көгілдір отыннан біртіндеп бас тарт­пақ. Бұл жөнінде аталған ұйым өкілдері арнайы ұйым­дас­­тырылған баспасөз мәслихатында мәлім етті. Кәсіп­орын алдағы уақытта түйіршік отынды пайда­ланбақ ниетте.

Аймақтар • 07 Қазан, 2019

Көкжиде жерасты суларын сақтап қалу қажет

Қазір әлемде таза ауыз су көздерінің тапшылығы байқалып отыр. Мұндай жағдайда ел аумағындағы жерасты ауыз су көздерінің қорын сақтау мен оның ластануына жол бермеудің маңызы ерекше. Әйтсе де бүгінде жер қойнауын пайдаланушылар, соның ішінде көмірсутегі шикізатын игеріп жатқан алпа­уыт компаниялар жерасты су көздерінің мұнай қалдықтарымен ластануына жол беріп жүргені қынжылтпай қоймайды.

Руханият • 07 Қазан, 2019

Ұлытау Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу орталықтарының бірі болады

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қарағанды облысының Ұлытау ауданына жұмыс сапары барысында Алаша хан, Жошы хан кесенелерін, сондай-ақ Алтын шоқы тауында орналасқан Темірлан тас тақтасын аралады. Вице-премьер Президенттің Ұлытау ауданын дамыту туралы тапсырмасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жоспарымен танысты.

Қазақстан • 07 Қазан, 2019

Дариға Назарбаева ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

06 Қазан, 2019

Өзбекстан Президенті Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреевті қабылдады

Ташкентте Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреевті қабылдады.

Қазақстан • 06 Қазан, 2019

Білім және ғылым министрі ел мұғалімдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.