Үкімет • 29 Қазан, 2019
Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен және Парламент Мәжілісінің Төрағасы Н. Нығматулиннің қатысуымен өткен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында Президенттің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мәселелері қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 29 Қазан, 2019
Қазақстан Президенті «Алматы – 2050» даму стратегиясымен танысты
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Алматы – 2050» даму стратегиясының жобасын таныстырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 29 Қазан, 2019
Нұржан Нұрсипатов ҰҚШҰ ПА шараларына қатысты
Сенатор Нұржан Нұрсипатов ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі салалық комитеттер мен тұрақты комиссиялар төрағаларының үйлестіру кеңесіне қатысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 29 Қазан, 2019
«TOM: Nur-Sultan» мейкатонының жеңімпаздары анықталды
Астанада «TOM: Nur-Sultan» мейкатонының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 29 Қазан, 2019
Нұр-Сұлтанда пәтерлер тек кезек бойынша беріледі
Елорда әкімінің кеңесшісі Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, мессенджерлерде Нұр-Сұлтан қаласында пәтерлерді кезексіз алып жатқаны туралы жалған ақпарат тараған. Кезексіз пәтер беру қарастырылмаған. Әлеуметтік баспана кезекте тұрған азаматтарға заң шеңберінде тек кезек бойынша беріледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 29 Қазан, 2019
Жамбылда көп балалы ана тігін шеберханасын ашты
Жамбыл облысы, Жаңатас қаласында тұратын көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмек алғаннан кейін (бұдан әрі - АӘК) әлеуметтік келісімшарт бойынша жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысып, өз үйінде тігін шеберханасын ашты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әдебиет • 29 Қазан, 2019
Қоғам • 29 Қазан, 2019
Журналист кәсібін таңдауымның өзін маңдайыма жазылған тағдыр сыйы деп қабылдаймын. Әйтпесе орта мектепті үздік бітіріп, кез келген басқа мамандықты таңдауыма мүмкіндігім болды. Сонда деймін, тауқыметі бір адамның басына жетіп артылатын осы бір киелі мамандыққа бар ғұмырымды байлап бергенім қалай?.. «Егеменге» қызметке келерден бұрын аудандық газеттің қазанында қайнадым. Ысылдым, шеберлігімді шыңдадым. Жиырма үш жыл бойы ақындар мен батырлар еліндегі «Атамекен» газетін басқарғаным тағы бар. Бірақ үш ұйықтасам да атынан ат үркетін бас басылымда қызмет істеймін деп ойламаппын. Бұл әрине ғұмырымның тамаша жарқын жылдары дегенім жөн шығар.
Қоғам • 29 Қазан, 2019
Қоғам • 29 Қазан, 2019
Шетелдіктер Алтын Орда туралы не біледі?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлытау – 2019» халықаралық туристік форумында Моңғолия Шыңғыс хан тұлғасын халықаралық туризмді дамыту үшін өте тиімді пайдаланып отырғанын мысал етіп, ал сол Ұлы ханның үлкен ұлы – Жошының мазары қазақ жерінде тұрғанын бүгінде еліміздегі және шетелдегі жұртшылықтың көбі біле бермейтінін айрықша атап өткен еді.