Кино • 11 Қараша, 2019

Аружан Жазылбекова АҚШ-та «Ең үздік актриса» атанды

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова АҚШ-та Golden screen awards марапаттау шарасында «Ең үздік әйел рөлі» сыйлығын жеңіп алды. 

Аружан Жазылбекова АҚШ-та «Ең үздік актриса» атанды

Қазақстан мен Қытай бірлесіп түсірген «Композитор» фильмі Лос-Анжелесте (АҚШ) өткен 4-ші кезекті Golden screen awards марапаттау шарасында 4 номинация бойынша үздік деп танылды. 

Салтанатты жиында «Композитор» фильмі жылдың «Ең үздік киносы», «Ең үздік музыка», «Ең үздік ер адам рөлі» және «Ең үздік әйел рөлі» номинациялары бойынша марапатталды.

Еске сала кетейік, «Композитор» фильмінің тұсаукесері биылғы жылдың 17 мамыр күні елордада өткен болатын. Фильм әлемдік өнерге елеулі үлес қосқан Қытайдың танымал композиторы Си Синхайдың өмірі мен өнер жолына арналған. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында (1941-1943 жылдар аралығында) композитор Қазақстанда тұрып, қазақтың талантты композиторы Бақытжан Байқадамовпен дос болған. Картина екі ел арасындағы ынтымақтастық пен композиторлардың достығы туралы сыр шертеді. Фильмді Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және қытайлық «Shineworks Pictures», «China film coproduction corporation» компаниялары бірге түсірген.

Айта кетейік, Golden screen awards шарасы China Film Co Production корпорациясы, Hollywood Reporter және Америка кино қауымдастығының қолдауымен 2016 жылдан бері өткізіліп келеді.