Елорда • 09 Сәуір, 2024
Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек және Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановпен ағымдағы су тасқыны жағдайын тексерді.
Үкімет • 09 Сәуір, 2024
Атырауда Премьер-министр Олжас Бектеновтің жетекшілігімен Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың көшпелі отырысы өтті. Жиынға бейнеконференцбайланыс режімінде министрліктер мен облыс әкімдіктерінің басшылығы қосылды.
Заң • 09 Сәуір, 2024
Бала қауіпсіздігіне қатысты заң
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата бюросының отырысы өтті. Жиында депутаттар салалық комитеттердің осы аптадағы іс-шараларын және 11 сәуірде өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.
Еңбек • 08 Сәуір, 2024
«Әрбір адал адам адал еңбегімен адал табысқа жетеді». Бұл – Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтқан сөзінің бірі. «Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу» деген Президент осы құндылықтарды берік ұстанудың маңыздылығын айтты.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2024
10 мыңға жуық адам қауіпсіз аймаққа көшірілді
Ақтөбе облысындағы су қоймаларының деңгейі әр екі сағат сайын өлшеніп отыр. Вице-премьер Серік Жұманғарин 7 сәуірде Ақтөбе облысындағы Елек, Қарғалы және Сазды өзендерін жалғайтын үш су қоймасын әуеден бақылады.
Тұлға • 08 Сәуір, 2024
Шона Смаханұлы – қазақ сатирасының серкесі һәм сардары. Ол – қысқа да нұсқа жазудың хас шебері. Шығармаларын авторын айтпай-ақ жазбай тануға болады. Өйткені оның ешкімге ұқсамайтын стилі, өзіндік қолтаңбасы бар. Сөз саптасы да ерекше. Ұлттық бояуы қанық. Тіл байлығы мол.
Пікір • 08 Сәуір, 2024
Кәсіподақ мүшелері көмек қолын созды
Бүгінгі таңда 10 облыста төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Осы өңірлердегі кәсіподақ ұйымдарының жұмысын үйлестіріп, жан-жақты көмек көрсетіп жатырмыз. Ел басына күн туғанда, федерацияға қарасты 2 миллионға жуық кәсіподақ мүшелері жұмылдырылды.
Пікір • 08 Сәуір, 2024
Күшіміз – бірлікте: Жұмыла көтерген жүк жеңіл
Биыл қыс қатты болмаса да, қар қалың түсті. Әрине, қардың мол түскені елге жақсы. Егін бітік шығып, жемшөп мол болуға тиіс. Алайда наурыз айының соңынан бастап, ауа райы күрт жылып, асты мұз қалың қар бірден еріді. Біраз елді мекенді қарғын су орап, кейбір ауылдарды шайып кетті. Қар суының астында қалған тұрғындар қауіпсіз аймақтарға көшірілді. Бұл айтуға оңай болғанымен, осы жағдайды бастан өткеріп отырған елге ауыр тиіп отыр. Бірақ тасқынның қаупі әлі де азайған жоқ. Әсіресе соңғы күндері Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында жағдай күрделене түсті.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2024
7 сәуірде вице-премьер Нұрлан Байбазаров Батыс Қазақстан облысындағы су басқан және су басу қаупі бар аумақтарға, сондай-ақ Орал қаласы маңындағы саяжайларға барды.
Тағзым • 08 Сәуір, 2024
2008 жылы «Шалқар» радиосына бас редактор болып жұмысқа келдім. Сол кезде Қазақ радиосына қызмет ауыстырып, бағдарламалар директорының орынбасары, кейін Қазақ радиосының бас редакторы болып тағайындалған Саясат Бейісбай ағамен жақын танысып, қоян-қолтық араласып кеттім. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, мінезі сабырлы, кішіпейіл, жұртшылықпен тіл табыса білетін қамқор ағамның журналистік жолы да жастар үшін өте қызғылықты. Еліміз азаттығын алған сәттен бастап, әлемнің көптеген елдерін аралап, тұщымды жолсапарларын жұртшылыққа тарту етті.