Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21555 материал табылды

Пікір • 10 Қаңтар, 2024

Заманауи стратегия – ұлттың жаңа сапасы

Еліміз үшін жаңа жыл жақсы жаңалықтармен басталды. Оның ішінде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатын оқып, көкейдегі сан сауалға жауап алдық. Бүгінде біз мемлекеттік саясаттың жалпыұлттық құндылықтар жүйесін қайта жаңғыртуға және тұтас алғанда ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға бағытталуының өзгергеніне куә болып отырмыз.

Пікір • 10 Қаңтар, 2024

Ғылым – даму өлшемі

Президенттің «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбаты «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек!» деп аталуы ғалымдарға үлкен міндет қойып отыр. Бүгінде еліміз ілгері дамуы үшін ауқымды реформалар жүргізіліп жатыр. Осыған сай қоғамның бетбұрысы өзгеріске түсіп отыр. Адамдардың санасы жаңарып, ғылыми көзқарасқа деген серпіліс қалыптасып келеді.

Университет • 10 Қаңтар, 2024

Қарашаңырақ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне 90 жыл толып отыр. Әрине, осындай білікті, бірегей оқу орнының өз тарихы, қалыптасқан жолы, мемлекетте алатын биік орны бар. Өткенді айтпай, бүгінді бағамдап, болашақты болжай алмайсың. Сондықтан да университет тарихын қайта бір жаңғыртқан кезде, әлбетте, өткен күндерге қалай да көз жүгіртесің, зерттейсің, талдайсың.

Тұлға • 10 Қаңтар, 2024

Айтматовпен бірге өзгерген әлем

Бүгінгі заманауи әдебиет туралы айта бастасақ, аузымызға Айтматов түсе кететіні неге? Отқа оранған ойым Шыңғыс шығармаларына оралатыны қалай? Оралмасқа амалым да жоқ сияқты көрінеді.

Сараптама • 10 Қаңтар, 2024

Ауа салмағы ауырлап барады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде ластанған ауаның кесірінен жылына 4,2 миллион адам мезгілсіз қаза табады. Метеорологиялық жағдайы қолайсыз мемлекеттер қатарында Қазақстан 13-орында тұр.

Тұлға • 10 Қаңтар, 2024

Ақжарқын азамат еді...

Ол жайында біреуден сұрай қалсаң «ақжарқын жігіт еді» дейді. Шығар­машылығы жайына келгенде алдымен фельетонист екендігін, қарымды журналист-жазушы екендігін айтады.

Басылым • 10 Қаңтар, 2024

Ғалымның бес томдығы

Таяуда Алматының «Алгорифм» баспасынан ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжановтың 5 томдық қазақ және орыс тілдеріндегі еңбектерінің жинағы жарық көрді. Көптомдықты баспаға ұсынған – Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты (директоры – ҰҒА корреспондент-мүшесі З.Е.Қабылдинов). Демеушісі – меценат, дәрігер Ғани Смаханұлы.

Қоғам • 10 Қаңтар, 2024

Мемлекет басшысы жастарға ерекше сенім артып отыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл басында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген көлемді сұхбатынан ел болашағына қатысты біраз нәрсені пайымдауға болады. Негізінен сұхбатта мемлекеттің әсіресе жастарды заман талабына сай жаңа дағдылар мен мамандықтарды игеруге шақыруы уақыт талабын дәл баса отырып айтылған ой деп айтуға болады. Ол осы сұхбатында жастарға деген ерекше сенім артып отырғанын байқатты.

Аймақтар • 10 Қаңтар, 2024

Алматы облысында полицейлерге арналған тәлімгерлік кеңес құрылды

Алматы облысы Полиция департаменті бастығының төрағалығымен тәлімгерлер кеңесін құру бойынша жиын өткізілді. Жиынға полиция бастығының орынбасарлары, сондай-ақ ведомствоның дербес басқармалары мен аумақтық бөлімшелерінің басшылары және ардагерлер қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 10 Қаңтар, 2024

Білім мен ғылым – ел дамуының негізі

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбаты жалпы халық көкейінде жүрген сұрақтарды қамтып, соңғы жылдар ішінде сыртқы саясат пен ішкі іс-шаралар туралы қорытынды-есеп ретінде жүргізілген екен. Оқтын-оқтын әлеуметтік желілер мен жаңалық порталдарынан көріп-естіп жүрген ақпарат болса да, барлығы бір сұхбат барысында жинақты баяндалғандықтан Президенттік міндетін атқару барысында көптеген оң шаралар жүзеге асырылды деп айтуға толық негіз бар.