
«АтМӨЗ» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының қарауына аталған серіктестіктің Бас директорының (Басқарма төрағасының) өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сайлау және өкілеттік мерзімін анықтау мәселесі шығарылып отыр.
Сырттай дауыс беру бюллетень нысаны бойынша жүргізіледі. Бюллетеньді anpz.kz сайтынан жүктеп алуға болады.
Бюллетеньдерді қатысушыларға беру күні: 2025 жылғы «08» сәуір.
Бюллетеньді қабылдауды аяқтау күні: 2025 жылғы «09» сәуір сағат 16:00-ге дейін.
Уәкілетті тұлға қол қойған дауыс беру бюллетенін ref@anpz.kz электрондық мекенжайына жіберуді, түпнұсқасын 060001, «АтМӨЗ» ЖШС Атырау қаласы, Зейнолла Қабдолов даңғылы, 1-құрылыс мекенжайы бойынша жолдауды сұраймыз.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды 8 (7122) 259-699 телефоны арқылы алуға болады.