Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21555 материал табылды

Пікір • 08 Қаңтар, 2024

Сындарлы ойлар айтылды

Салиқалық пен сабырлық мықты саясаткердің негізгі, қала берсе өмірлік қағидаты болса керек. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған сұхбаты халқымыздың көкейінде жүрген талай түйткілді сұрақтарға шынайы жауап берген ашық әңгіме болды. Қасіретті қаңтарға қатысты да бұрын-соңды айтылмаған жаңа түйіндемелерді шынайы айтқанын байқаймыз.

Пікір • 08 Қаңтар, 2024

Қоғам дамуына серпін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне бер­ген сұхбатында қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, оны шешу жолдарын ұсынды. Сұхбат халыққа қызмет етіп жүрген азаматтарға бағыт-бағдар бе­рер нұсқаулық болуға тиіс.

Қоғам • 08 Қаңтар, 2024

Ардагерлерді алаламаса екен...

Мен 1940 жылы дүниеге келіп, есімді білгеннен соғыстан сансырап шыққан елдің еңсесін түзеуге атсалысқандардың бірімін. Әрине, қоғамға жасаған қызметімізді бұлдамаймыз. Бірақ жарты әлемді жайпаған соғыстан кейін тірлікке араласып, жұртпен бірге талай қиындықтан өткен бізге қартайғанда әлеуметтік жағдай жасалмай отыр. Мен де, осы күні қатары сиреген менің қатарластарым да осы уақытқа дейін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ала алмай келеміз.

Тарих • 08 Қаңтар, 2024

Мемлекеттілік тарихын зерделеген

Шынайы тарихшы болу дегеніміз елжанды, нағыз патриот деген ұғымды білдіреді. Өйткені патриот тарихшы ғана халқының, мемлекетінің ғасырлар қатпарында қалған белгілі және белгісіз тағдыр-талайын, тарихы мен тағылымын, күрес жолдарын терең зерттеп, болашаққа шыншыл тарихи мұра қалдыра алады. Тарихы ғасырларға терең бойламайтын елді ешкім де санатқа қоспайтыны бесенеден белгілі. Олай болса, бесігімізді қалай түзесек, тарихымызды да солай түзегеніміз жөн. Шынтуайтына келгенде, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Берекет Кәрібаевтың білікті тарихшыға айналып, ел құрметіне бөленуі де оның отаншылдығының, мемлекет тарихын бұлтартпас дерек-дәйектермен дәлелдеп, Қазақ хандығы ұлттық мемлекетіміздің негізі екенін айқындаған терең білімдарлығынан болса керек.

Қазақстан • 08 Қаңтар, 2024

Теле-радио арналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өтеді

Мәдениет және ақпарат министрлігі телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-радио арналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды. Конкурс Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 494 бұйрығымен бекітілген  Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді телерадио арналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес өткізіледі. 

Халық • 08 Қаңтар, 2024

Қазақ – қашанда қазақ!

Қоғам • 08 Қаңтар, 2024

Мәжіліс төрағасы Ұлытау облысының тұрғындарымен Президент реформаларын талқылады

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған депутаттар тобы Ұлытау облысына барды. Олар облыс активімен, өндіріс орындарының жұмысшыларымен кездесіп, Жезқазған жылу электр орталығының жұмысымен танысты және «Анненская» кенішіне түсті, деп хабарлайды Egemen.kz төменгі Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Әдебиет • 08 Қаңтар, 2024

Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа өтінім қабылдау басталды

Қазақстан Республикасының 2024 жылғы Абай атындағы әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығына байқау жарияланды. Өтініштер мен жұмыстар 1 наурызға дейін қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 08 Қаңтар, 2024

Президент сұхбатының тезистерін талқылады

Астанада Президент  Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатына арналған «XXI ғасырдағы Әділетті Қазақстан: жаңа жетістіктер мен даму перспективалары» атты дөңгелек үстел форматында сараптамалық талқылау өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Парламент • 08 Қаңтар, 2024

Мәжіліс спикері жұмыс сапарымен Ұлытау облысына барды

Бүгін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған депутаттар тобы жұмыс сапарымен Ұлытау облысына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.