Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19561 материал табылды

Саясат • 25 Қыркүйек, 2019

Дариға Назарбаева Парламент делегацияларының басшыларына Қазақстанның туристік және инвестициялық тартымдылығы туралы айтты

Сенат басшысы Дариға Назарбаевамен 24 қыркүйектегі кездесулер барысында парламенттер басшылары Еуразия елдері Парламенттері спикерлері кеңесінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны мен пікірсайыстардың мазмұнды болғанын атап өтті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 25 Қыркүйек, 2019

Президент отадан соң қайтыс болған науқастың өлімін заңға сәйкес тексеруді тапсырды

Германия ауруханасында жасалған отадан соң қайтыс болған науқастың өлімін заңға сәйкес тексеру керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Твиттердегі парақшасында жазды.

Президент • 25 Қыркүйек, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 74-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйледі

БҰҰ Бас Ассамблеясы 74-сессиясының Жалпы дебатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөз сөйлеуі Нью-Йорк сапарының басты оқиғасы болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 25 Қыркүйек, 2019

Алматыда №4 аурухананың бас дәрігері қамалды

Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері мен тағы бір дәрігер қамауға алынды. Бұл ақпаратты қалалық соттың баспасөз қызметі растады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қоғам • 25 Қыркүйек, 2019

«Jastar Alany 2019» республикалық дебат турнирі аяқталды

Нұр-Сұлтанда «Jastar Alany 2019» республикалық дебат турнирі аяқталды. 18-29 жас аралығындағы 120-дан астам қара сөз шеберлері турнирдің жеңімпазы және жалпы жүлде қоры 4 000 000 теңге үшін тартысқа түсті.

Қоғам • 25 Қыркүйек, 2019

Алтай Көлгінов қала тұрғындарын қабылдады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов 27 адамды қабылдады. Негізгі сұрақтар тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, жұмысқа орналасу, балаларды білім беру мекемелеріне айқындау, білім алу және т. б. қатысты болды, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Руханият • 25 Қыркүйек, 2019

Ұлық атақтың ұлағаты

Ұлтымыздың ұлы қаламгері Әбіш Кекілбаевқа Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Еңбек Ері» атағын беріп, Алтын жұлдызды орденді тапсырған кезден кейінгі жел сөз көптеген әлеуметтік желілерде, ағымдағы сыңаржақ баспасөздерде сан рет жазылып, сан-саққа жүгіртілді. Шындығында, «бұл қалай болды, ақиқаты қандай?» деген дүдәмал сұраққа дәйекті жауап, деректі уәж айтатын сәт келді.

Қоғам • 25 Қыркүйек, 2019

Даңғазалық пен дарақылық

Биылғы жылғы сәуір айының басында Қасым-Жомарт Тоқаев Президент орынтағына отырғаннан кейін «Egemen Qazaqstan» және «Айқын» газеттері арқылы бірінші рет бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сұхбат берді. Мемлекет басшысы онда ең алдымен елді соңғы жылдары жайлап бара жатқан даңғазалыққа тежеу салу, ысырапшылдықтың барлық түрінен арылу қажеттігі туралы мәселе көтерді.

Парламент • 25 Қыркүйек, 2019

Ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV «Үлкен Еуразия. Үнқатысу. Әріптестік» кеңесі аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Парламент • 25 Қыркүйек, 2019

Үлкен Еуразиялық диалог: Еуропа мен Азия елдері парламенттерінің IV кеңесінде жаһандық мәселелердің кең ауқымы талқыланды

Нұр-Сұлтан қаласында «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серік­тестік» Еуразия елдері парла­менттері спикерлерінің IV кеңесі өтті. Қазақстанда бірінші рет өткен фо­рум жұмысына Еуропа мен Азия­ның 65 елінен парламенттік деле­гациялар, 14 халықаралық пар­ламенттік ұйымдар өкілдері келді.