Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
2091 материал табылды

Қоғам • 02 Қыркүйек, 2019

Мұғалім мәртебесінің тұғыры

Барша адамзат дамуының шамшырақ тұлғасы және ел мен елдіктің, білім мен біліктің ұйытқысы – ұстаз. Әлемдік деңгейде – педагог, өз ұстанымызда ұстаз ұғымының сипаты, мән-мағынасы қашанда айқын: ол – мазмұны бірыңғай ізгіліктен ғана тұратын кәсіп, ол – ұрпақ пен ұлтқа, адамзат пен болашаққа арналған өмір сүру салты. Тіпті дүниенің асылын іздеп тауып, соны өзгеге үйретпекке ұмтылған жан қалауы.

Қоғам • 02 Қыркүйек, 2019

Қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің алғышарттары

Әліпби халықтың мәдени болмысын аңғартатын айғақтардың бірі. Өйткені мәдени мұра, мәдени жәдігерлер әліпбиде сақталады, әліпби арқылы келесі ұрпаққа жетіп отырады. Қай әліпбидің де осындай тарихи мақсатымен бірге оның заманауи міндеттері болады. Президент осы реттен келіп: «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланыс­ты» – деп, бұл әліпби қоғамымыздың жаңа кезеңдегі ең қажетті таңдауы екендігін айтты.

Тарих • 02 Қыркүйек, 2019

Көзбен көрген тарих

Еліміздің бас басылымы «Егемен Қазақстанның» шыққанына 100 жыл – бір ғасыр толады. Елдің рухани өміріндегі айтулы оқиға. Қазір пікір алуандығы деген бар, бұл басылым біреуге ұнар, біреуге ұнамас, бірақ еліміздің бір ғасырлық шежіре-тарихын осы газеттің сарғайған беттерінен табатынымыз да шындық.

Руханият • 02 Қыркүйек, 2019

Мен таныған Расул (эссе)

«Кейде маған – қайтпай қалған майданнан Қайран ерлер – ерте үзілген гүлдердей. Қабырда емес, сонау биік заңғарда Аппақ-аппақ құс боп ұшып жүргендей». Расул Ғамзатов

Руханият • 29 Тамыз, 2019

Ұлықбек Есдәулет: Тұңғыш форум тың тақырыптарға жол ашады

Тәуелсіздік алғаннан бергі уа­қытта аңсаған азаттығымызды өзі­міз көбірек қызықтап, өз қаза­ны­мызда өзіміз көбірек қайнап қал­дық. Экономика мен саясатқа көбі­рек көңіл бөлінді. Әдебиетке назар аудару жағы кенжелеп қалғанын да жасырмаймыз. Дегенмен, Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасынан кейін әдеби де, мәдени де өмірімізде үлкен сер­пі­ліс пайда болды.

Аймақтар • 29 Тамыз, 2019

Оянған өлке

Елордамызда соңғы бес жыл ішінде 2 мың көше атауы қайта қаралып, кеңестік атаулар рухани бағытқа бет бұрды. Бұл құлдық санадан бостандыққа қарай боздап жасалған іргелі қадам.

Руханият • 29 Тамыз, 2019

Атом тозағында шыңдалғандар (реквием)

Көрнекті ғалым, саясаттанушы, қоғам қайраткері, көсемсөз шебері Нәубат Қалиевтың опат болғанына айға толмас аз күндерден соң жыл толады. Төрт жасынан бастап атом аждаһасының аранында тажалдың құрығына ілікпей өмір үшін күрескен жанкешті азамат, бәрібір, обырдан құтыла алмады. Аңдыған жау Есілдің бойынан да іздеп тапты...

100 • 28 Тамыз, 2019

«Еңбекшіл қазақ» газеті: Қазақты «қазақ» дейік, қатені түзетейік

1923 жылы «Еңбекшіл қазақ» газетінің №66 санында шыққан «Қазақты «қазақ» дейік, қатені түзетейік» мақаласын назарларыңызға ұсынамыз. Бұл мақаланы Манап Шамиль деген бүркеншік есіммен Сәкен Сейфуллин жазған.

Аймақтар • 27 Тамыз, 2019

Нұрсейіт тамында талай сыр бар

Құрамы өңірлік телеарна операторларынан құралған түсірілім тобымен Әйтеке би ауданының оңтүстігіне бет алдық. Жағалай созылып жатқан Мұғалжар тауының сілемдерін бойлай ағып жатқан Ырғыз өзенін жанамалай отырып жолда қиыршық тас карьерін басып өткен қара жол ашық далаға бастады. Экспедиция мақсаты ауданның камера көзіне ілікпеген тарихи-мәдени кешендерін бір сүзіп өту болатын. Сапар барысында біздің көзімізді таң-тамаша күйде қал­дырған ортағасыр ескерткіші өзінің ерекше архитектура­лық және ішіне жасырған жұмбақ көрінісімен назарымызды еріксіз аударды.

Тарих • 27 Тамыз, 2019

Тарихи 26 тамыз жайында

26 тамыз – кеңестік қазақ мемлекетінің туған күні. Қазақ Рес­пуб­ликасының. Біздің кеңестік мемлекетіміздің. Біздің бүгінгі Қазақстан Республикасы атты тәуелсіз мемлекетіміздің ізашары болған таптық мемлекеттік бірліктің дүниеге келген күні.