Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19537 материал табылды

Құрылтай • 20 Шілде, 2023

Зиянға әуестік – жамандық жолы

Таяуда Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы: «Біз есірткіні қолдану, дайындау және тарату жолын кесіп, тамырына балта шабуымыз керек. Әйтпесе, бүкіл елдің болашағы бұлыңғыр» деп, қоғамды жамандықтан сақтандырды. Өкінішке қарай, жаһандық даму мен алуан түрлі байланыс жан һәм тән тазалығымен дүниеге мәлім қазақ даласына, оның бүгінгі ұрпағына осындай қиындық та әкелді.

Қоғам • 20 Шілде, 2023

Жұмысшыларды баспанамен жарылқайтын «Корпоративтік өнім»

ERG компаниясына қарасты зауыттарда еңбек ететін 600-ден аса қызметкер Отбасы банкінің «Корпоративтік өнім» бағдарламасы арқылы тиімді шарттармен баспаналы болды.

Оқиға • 20 Шілде, 2023

Кеншілердің қоныстойы жақын

Бірқатар қарағандылық кенші қоныстойын атап өтеді. Облыс әкімдігі «Отбасы банкімен» бірлесіп, үсте­месі жеңілдетілген ипоте­каны еңбеккерлерге үлес­тіруді былтыр жолға қойған-тын. Бұл жолы игі бастамаға «Шұбаркөл Көмір» көмір өндіруші компаниясы қосылып, өз қызметкерлерінің баспана мәселесін шешуге септігін тигізіп отыр.

Таным • 20 Шілде, 2023

Болмысы бөлек Бердібек аға

Мынау жалған дүниеге кім келіп, кім кетпеген? Әлі талайлар келері – хақ, талайлар өтері – хақ. Пенденің қалай, қашан, қайда келуі Құдайлық іс те, кетерінде әрбір ісі мен сөзі, тіпті ниеті оның жүрген ортасы мен былайғы жұрттың таразы – талқысына тартылары сөзсіз. Барша жұртты бір күрсінтіп, мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың да өмірден өткеніне қырық күннің жүзі болыпты…

Өнер • 19 Шілде, 2023

Сегізінші нота

Шығармашылық адамдарының арасында жаратылыс пен табиғатты алабөтен нәзік сезіне алатын композиторлар дер едім. Бетховен көз алдыңа алапат дауылды әкеледі. Моцарттың музыкасынан ай жарығымен сіркіреп тұрған жылы жаңбырды естисің. «Битлз» шырқағанда күннің шығып келе жатқанын, Сальваторе Адамо ән салғанда ақ қардың жерге түскен сәтін көріп тұрасың. Исао Томита, тіпті Мусоргский мен Дебюссиді орындағанда да Жапон теңізінің желіндей суық. Ал Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі «Сарыарқаны» құйқылжытқанда толқынды тілген кемедей теңселіп кетпейсің бе! Содан да болар, өршіл рухты бүкіл артерияңа тарататын күй дүниенің екінші құдіреті дерсің. Мейірімге толы музыка ғана оята білетін осындай тылсым көңіл күйдің көкіректе жатталып қалатыны саф өнердің мәңгілік екенін тағы да есіңе салып өтеді.

Заң • 19 Шілде, 2023

Әділдікке сенім

Президент Қ.Тоқаевтың сот жүйесін реформалауға қатысты биылғы №216 Жарлығы қара қылды қақ жарып, әділдігімен жылдар бойы ел есінде сақталатын құжаттардың бірі болды. Ол уақыт талабына сай халықаралық деңгейде білім мен білікті көрсете отырып, кәсіби тұрғыда жұмыс істеуге жол ашты.

Әлем • 19 Шілде, 2023

Жаһандағы гендерлік алшақтық

Гендерлік алшақтық мәселесін көтергенде әйелдер мен ерлердің қоғамның барлық саласына қатысу үлесі мен деңгейін айтамыз. 2006 жылдан бері Дүниежүзілік экономикалық форум жыл сайын 146 елді қамтитын «Жаһандық гендерлік алшақтық» есебін жариялайды. Бұл индекс 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша өлшенеді және көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, соғұрлым гендерлік теңсіздік жоғары. Қазіргі қарқынмен әлем бойынша көрсеткіштерді толық теңестіру үшін тағы 131 жыл қажет болса, әйелдердің саясатқа қатысу деңгейін ерлермен теңестіру үшін әлі 162 жыл қажет.

Сенат • 19 Шілде, 2023

Сенаторлар сапары

Сенат депутаты Бекбол Орынбасаров Маңғыстау облысындағы жұмыс сапары аясында әлеуметтік нысандарды аралап, кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен әңгімелесті.

Үкімет • 19 Шілде, 2023

Жобаның орындалуы пысықталды

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен орталық және жергілікті атқару органдарының өзара іс-қимылын үйлестіру штабында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды.

Қоғам • 19 Шілде, 2023

Сұйытылған газдың қымбаттауына не себеп?

1 шілдеден бастап елімізде сұйытылған газ бағасы 20%-ға көтерілді. Энергетика министрлігінің бұйрығына сәйкес сұйытылған мұнай газының шекті бағасы келер жылдың осы мерзіміне дейін қосылған құн салығын (ҚҚС) есептемегенде, тоннасына 40 320 теңгені құрайды. Газға көтерме бағаны бес жыл ішінде кезең-кезеңімен ұлғайту елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін жүзеге асырылып отыр.