Сараптама • 26 Қыркүйек, 2024
Жаһан жастарының дамуы қай деңгейде?
Ел болашағын қалыптастырудағы маңызды бағыттың бірі – жастардың дамуы. Бұл саланы 50 жылдан аса уақыт бойы зерттеп келе жатқан «The Commonwealth Secretariat» Достастық хатшылығы атты бірлестік бар. Биыл көктемде осы бірлестік «Жастардың жаһандық даму индексі – 2023» деп аталатын ғылыми есепті жариялады. Бұл есепте 183 елдегі ілгерілеу өлшенген.
Білім • 26 Қыркүйек, 2024
Қазіргі жаһандану заманында білім беру, тек академиялық біліммен шектелмейді. Оқушылардың жаһандық мәселелерді терең түсінуі, сыни ойлау қабілеті, экологиялық білім, адам құқығы, этика (көркем мінез), өмір сүру қауіпсіздігі, медиасауаттылық һәм қаржылық сауаттылық секілді дағдыларды меңгеруі осы күннің маңызды талаптарына айналып отыр. Аталған дағдылар осы ғасырдың басты қажеттіліктерін толық қамтып, ел болашағына ықпал етеді.
Руханият • 25 Қыркүйек, 2024
Тағдыр маған халқымыздың біртуар ұлдарымен жақын болуды нәсіп етті. Қарағанды университетінде оқып жүргенімде академик Евней Бөкетов өзіне өте жақын тартты. Студент кезімде Ебекеңнің үйінде Әлкей Марғұлан, Ғабит Мүсірепов, Нұртас Оңдасынов сынды еліміздің аяулы перзенттерімен танысу, әңгімелерін тыңдау, сұхбаттасу бақытына ие болдым. Кейде мұнда қарағандылық ақсақал Жайық Бектұров пен облыстық газетінің жауапты хатшысы Ақселеу Сейдімбек те келіп тұратын. Алайда Ахаңмен қоян-қолтық араласуым елде емес, кейін Алматыда жалғасты.
Қаржы • 25 Қыркүйек, 2024
Қайтарылған активтер қалай реттеледі?
Еліміздің заңына сәйкес мемлекетке қайтарылған активтерді басқару міндетін Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания (жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып, жалға береді) және Арнаулы мемлекеттік қор (Қаржы министрлігінде ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты) жүзеге асырады.
Пікір • 25 Қыркүйек, 2024
Тапшылықты жоюдың бірегей тетігі
Ресей, АҚШ, Ұлыбритания және Оңтүстік Кореяда оқып, білімімді жетілдіріп жүріп байқағаным – бізде техникалық кадр тапшылығы қатты байқалады. Бұл ойым қазір қоғамды толғандырып тұрған атом электр стансасы құрылысы тақырыбымен де сабақтасып жатыр. Олай дейтінім – елде атом энергетикасын қолдану ең бірінші кезекте білікті мамандардың көмегімен ғана жүзеге асырылады. Олардың басым бөлігі, әрине, өзіміздің мамандар болуы керек.
Пікір • 25 Қыркүйек, 2024
Денсаулық сақтау жүйесіне реформа қажет
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы қоғамдағы көкейкесті мәселелердің тамырын тап басқан, еліміздің өркендеуіне, жаңғыруына негіз болатын салмақты тұжырымдарымен ерекшеленген құжатқа айналды.
Таным • 25 Қыркүйек, 2024
Шыңғыз хан ата жұртына оралды...
«Ақыл сенбей сенбеңіз, бір іске кез келсеңіз», дейді хакім Абай. Қазақ халқының тарихы түгенделмеген, үзік-үзік, тіптен бір парасы өзгелер әңгімелеген шала-шарпы түсініктерден құралған. Оның басты себебі, қазақ тарихы ниеттері бөтен, әркімнің қолында кетті.
Руханият • 25 Қыркүйек, 2024
Сутегі атом бомбасын ойлап табушылардың бірі Андрей Сахаров кейін өз ісіне өзі өкініп, диссиденттік қозғалыстың көсеміне айналды. Ол кезде атом бомбасын жасағандар ерекше мәртебеге ие болған. Көбінің аты-жөні мемлекеттік құпияға айналған. Тоталитарлық қоғамда физиктер мемлекеттің ерекше ілтипат-құрметіне бөленеді. Лириктер болса қуғында болды. Евгений Евтушенко, Андрей Вознесенскийлердің антисоветтік өлеңдері саяси бюроның шамына тие бастаған. Баспасөзде бұл ақындардың аты-жөнін атауға ЦК-ның арнайы рұқсаты керек болған...
Зерде • 24 Қыркүйек, 2024
Тұлға ретінде танылып, аты аңызға айналған асқақ бейнесі ғасырлар бойы ел жадында сақталып келе жатқан, елім, жерім деп еңіреген ерлердің бірегейі – Шоштан Шегедекұлы.
Банк • 24 Қыркүйек, 2024
Банк жауапкершілігін арттыратын кез келді
Президент Жолдауында экономикадағы күрмеуі қиын күрделі мәселелерді нақты ашып көрсетті. Экономиканың дамуына үлес қосатын әрбір сектор қамтылды. Несие жүйесі, фискалды саясат, банктердің экономикадағы объективті үлесіне баса мән берді.