Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
2091 материал табылды

Руханият • 05 Шілде, 2019

Жорғасы сөздің Жарасбай

Белгілі жазушы, белді қайрат­кер Жарасбай Сүлейменов «Шын­ның жүзі» дейтін сыр-сұх­баттар, мәдени-танымдық мақалалар, депутаттық сауалдар топ­тастырылған жинағының аң­датпасында «Жүрегіме жүгіндім, халқыма, еліме титтей де болса пайдам тиер ме екен деген мақ­­саттың жетегінде жүрдім» деп, шынайы болмысын, ақиқат көзқарасын, рухани ішкі ой мәдениетін мәлімдей сөз бастапты.

Сұхбат • 05 Шілде, 2019

Рүстем Әбдіраш: Заң отандық киноны өрге сүйрейді

Қазақстанда кинематография бар, бірақ киноиндустрия жоқ. Бұл сөзді соңғы жылдары жиі естіп жүрміз. Мұны киноөндірістің дамуына қарлығаштың қанатындай су сеуіп жүрген мамандар кино саласында біркелкі жүйенің болмауынан деп түсіндіреді. Міне, осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында биыл қаңтар айында үш жыл бойы әзірленген «Кинематография туралы» Заңға Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қол қойды. Заң қабылданған мерзімнен бері де жарты жылдай уақыт өтті. Кино әлемінде нендей өзгерістер мен жаңалықтар болып жатқаны туралы ойын білмек ниетпен еліміздің озық режиссерлерінің бірі, суретші, сценарист Рүстем Әбдірашты әңгімеге тартқан едік.

Руханият • 05 Шілде, 2019

Әдебиет – әлем елшісі

Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіріп, ортақ бір мүддеге һәм ұлы мақсатқа жетелейтін рухани күш – әдебиет болса керек. Әлімсақтан бел­гілі бұл тәмсілді сөз жүзінде айтқанымызбен, көп жағ­дайда көз жеткізе бермейміз. Десек те Арқа төсінде әлем қаламгер­лерінің мәре-сәре болып, әңгімелесулерін көргенде әлгінде айтқан тәмсілдің мағынасына терең бойлап, тілі бөлек болғанмен, тілегі бір жандардың әдеби атмосферасын сезінесің.

Президент • 05 Шілде, 2019

Адам капиталын дамыту алқалы жиынның темірқазық тақырыбы болды

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 32-ші жалпы отырысы өтті. Алқалы жиынға қатысушылар елдегі инвестициялық ахуалды жақсартуға байланысты проблемалық мәселелерді тиімді шешудің жолдарын қарастырды.

Тарих • 03 Шілде, 2019

Тарихты білу– ұрпаққа парыз

Кейбір жастарымыздың рухани жаңғыруға бетбұрыс бүгіннен басталады деп түсінетіндері белгілі. Әрбір тарихи кезеңге зерделей көз салатын болсақ, Ұлы дала ұрпақтарының көреген, ойшыл, заманынан озып туған ұлдары ел-жұртының, халқының, ұлтының сана-сезімінің жаңғыруына зор үлестерін қосқанын аңғарамыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларында мұның «жай ғана әдемі афоризм еместігін» ескерткен еді.

Руханият • 02 Шілде, 2019

Күнделіктерімде: Сапабек Әсіпұлы

Күнделік – көңіл түкпіріндегі ешкімге аша бермейтін құпия сыр сандығың сияқты. Өмірден түйгендеріңді, өмірден күйгендеріңді айтып отыруға таптырмас дос. Және адам көңіл күнделігіне кез келген жанды кейіпкер қыла бермейді екен. Жаны туыс, мұраты рухтас кісіні ғана күнделігіңе кіргізіп, сағыныштың сарғайған парақтарына сырлы естеліктеріңді ақтарасың. Қаламгер Қайсар Әлімнің бүгін назарларыңызға ұсынып отырған күнделігін оқып отырып осындай ойға шомдық. Оның күнделігіне зер салған адам белгілі журналист, жазушы Сапабек Әсіпов есімін жиі кездестіреді. Тіпті Сәкеңмен (автор күнделігінде осылай деп атайды) жақын танысып, алғашқы жазбалардан кейін-ақ қимас досқа айналасың!..

Президент • 02 Шілде, 2019

Кемелдіктің көрінісі

Парламент Сенатында, Президент Әкімшілігінде бірнеше жыл қатар қызмет істегенде мен Қасым-Жомарт Кемелұлымен көп ретте етене жақын іскерлік байланыста болдым. Әсіресе депутаттық корпуста сенатор ретінде байқағаным, ол кәсіби маман ретінде көп білетін, өте сауатты, мәдениеті жоғары азамат екеніне сан мәрте көзім жетті.

Әлем • 02 Шілде, 2019

Тиянақтылыққа негізделген зейнетақы жүйесі

Әлемдегі қариялардың 20 пайызы Жапония архипелагын мекендейді екен. Өйткені жапониялықтар ұзақ жасайды. Сондай-ақ бұл ел қариялар үшін өмір сүруге ең қолайлы мемлекет саналады. Дамыған мемлекеттердің арасында қарияларға жағдай жасаудан Жапония бірінші орын алады. 2014 жылғы есеп бойынша Жапонияда адам саны 127 миллионнан асқан, оның 26 пайызы (33 миллион) зейнеткерлер.

Әлем • 02 Шілде, 2019

Дональд Трамп Солтүстік Корея шекарасын аттады

Жапониядағы G-20 саммитіне қатысып, қайтар жолда Оңтүстік Кореяға соққан Дональд Трамп тағы бір саяси үлкен қадам жасады. Ол сенбі күні Оңтүстік Кореяда Мун Чжэ Инмен жүздесіп, жексенбі күні түстен кейін Ким Чен Ынмен арнайы кездесті. Бұл кездесу – алдын ала ойластырылмаған, кенеттен болған кездесу. Бірақ Оңтүстік Кореяға келерінде Ким Чен Ынға ұсыныс жасап, ол ұсынысымды қабыл алды деп атап өтті Дональд Трамп.

Руханият • 02 Шілде, 2019

Қажырлы еңбегі –­ қазақ игілігіне

Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қазақ елінің тарихы мен оның құндылықтары, оларды жаңаша жаңғырту мен жаңарту туралы айтылған. Әр халықтың тарихы өзінше құнды. Тарих әрқашанда ұлы есім­дермен байланысып, солар­дың құжаттарынан көрініс таба­тын­дықтан Қазақстан Респуб­ли­касы Ұлттық архиві де жеке қорларды жасақтаумен айналысып келеді. Бұл ретте біз архив саласына қажырлы еңбе­гі сіңген қайраткер, өмір жо­лын­­­да еңбексүйгіштігімен, бел­сен­ділігімен ерекшеленіп, әріп­тестерінің ыстық ықыласына бө­ленген зиялы тұлға Рысты Халесқызы Сариева есіміне ерекше тоқталамыз.