Оқиға • 04 Қараша, 2025
Сарбаздар әскери ант қабылдады
Қараша айының бірінші жексенбісінде шекарашылар сапын толықтырған 350-ге тарта сарбаз отанымызға адал қызмет етуге ант берді. Мұндай рәсімді алғашқы болып ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасы өткізді.
Қаржы • 04 Қараша, 2025
Бөгет құрылысына қаржы бөлінді
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы «Тепличное» ауылындағы қорғаныс бөгетін реконструкциялауға Үкімет резервінен шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
ЖОЛДАУ • 04 Қараша, 2025
Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын инновациялық жолдау деп айтуға болады. Себебі барлық саладағы жасанды интеллект жіпке тізгендей қамтылған. Бұл алда ЖИ арқасында революциялық жаңалықтар болады дегенді аңғартады. Ол үшін Қазақстан халқы жасанды интеллект ұғымын, оның сан-салалы сырларын, жақсы жағы мен қиындығын біліп алуы керек. 90-жылдары халық нарық экономикасын жете білмей, жайдақ атқа мінгендей күйде болды.
Үкімет • 04 Қараша, 2025
Алматы әуежайын жаңғырту жайы қаралды
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының халықаралық авиациялық хаб құру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде Алматы қаласының әуежайын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді.
Келешек мектептері • 04 Қараша, 2025
Мамандарға ерекше мән беріледі
«Келешек мектептері» – оқушыға қолжетімді сапалы білім беруді көздейтін білім ордалары. Мұндағы өзіндік оқу-тәрбие үдерісі бар баланың жан-жақты дамуына жағдай жасаған. Ұлттық жоба аясында 460 мың орынға шақталған 217 мектеп ашылады деп жоспарланған. Қазір жоспардың 69 пайызы орындалды. Бұл дегеніміз – 151 білім мекемесі.
Ғылым • 01 Қараша, 2025
Университеттер Президенттің сенімді серіктесіне айналуға дайын
Бүгінгі таңда әлем адамзат өркениетінің жаңа кезеңіне аяқ басты. Технологиялық даму мен жасанды интеллекттің өркендеуі өмірдің барлық саласын қайта түрлендіруге кірісті.
Үкімет • 01 Қараша, 2025
Ұзақмерзімді инвестиция тарту басымдығы
Премьер-министр Олжас Бектенов жаһандық инвестициялар жөніндегі VIII қазақстандық дөңгелек үстелге (KGIR-2025) қатысты. Форумға 50-ден астам елден 1 мыңнан астам қатысушы, соның ішінде өнеркәсіп, энергетика, АӨК, қаржы, фармацевтика, консалтинг, басқа да салалардағы компаниялардың басшылығы жиналды.
Өнер • 01 Қараша, 2025
Республика күні мерекесінде «Астана Опера» театрының К.Байсейітова атындағы Камералық залы сахнасында «Қазақ киносының музыкасы» атты тамаша концерт өтті. Оған өнер ордасының Камералық оркестрі мен опера труппасының солистері қатысты.
Технология • 31 Қазан, 2025
Цифрліқ кеңістіктегі естелік: тарихта не қалатынын енді кім шешеді?
Айгүл ханым, бүгінде жасанды интеллект тек технология емес, қоғамның бір бөлігіне айналды. Сіздің ойыңызша, ол біздің collective естелігімізге, яғни тарихқа қалай әсер етіп жатыр? – Иә, расында да, жасанды интеллект енді тек есептеу құралы емес, естеліктің жаңа тасымалдаушысы. Бұрын біз ақпаратты өз қолымызбен жазып, сақтайтынбыз. Енді бұл процесті алгоритмдер атқарып отыр. Қай жаңалық еленеді, қандай дерек сақталады, не ұмытылады – соның бәрін автоматты жүйелер шешеді. Осылайша, жасанды интеллект біздің collective жадымызды қалыптастырып жатыр.
Саясат • 31 Қазан, 2025
Римде Шоқан Уәлиханов туралы еңбектің таныстырылымы өтті
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Италияға жұмыс сапары аясында «Шоқан Уәлиханов және қазіргі Қазақстанның бастауы» атты монографияның таныстырылымы өтті. Белгілі ағартушының 190 жылдығына арналған бұл еңбек алғаш рет итальян тілінде жарық көрді.