Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19433 материал табылды

Қазақстан • 26 Наурыз, 2019

Ә. Смайылов Үкімет пен Ұлттық банк арасындағы жаңа Келісімнің маңыздылығы туралы айтып берді

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет пен Ұлттық банк арасындағы жаңа Келісімнің маңыздылығы туралы айтып берді.

Қазақстан • 26 Наурыз, 2019

Д.Назарбаева Парламент Сенатының Бюросын өткізді

Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Парламент Сенаты Бюросының отырысы болды, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Қазақстан • 26 Наурыз, 2019

Қызылордада Тұңғыш Президент саябағында 2100 ағаш отырғызылды

Тұңғыш Президент саябағында 1800 адамның қатысуымен «Нұр-Сұлтан қаласы - болашақтың қаласы» атты ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды.

Экономика • 26 Наурыз, 2019

Елорда атауын өзгертуге байланысты қосымша бюджет қаражаты қажет етілмейді — Ә. Смайылов

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында елорда атауын өзгертудің ел бюджетіне салмағы туралы айтып берді.

Қазақстан • 26 Наурыз, 2019

Қарағанды облысында кәсіпкер көпбалалы отбасына пәтер сыйлады

Наурыз мейрамында Қарағанды облысының Абай ауданындағы  көпбалалы отбасына «Шығыс» шаруа қожалығының басшысы Шәміл Осин жаңа пәтердің кілтін сыйға тартты.

Жекпе-жек • 26 Наурыз, 2019

UFC: Дамир Майрбекпен айқасуы мүмкін

Ережесіз жекпе-жек әлеміндегі ең белді ұйым UFC-де өнер көрсетіп жүрген қазақ жігіті Дамир Исмағұлов Майрбек Тайсумовпен күш сынасуы мүмкін. 

Президент • 25 Наурыз, 2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының бұрынғы президенті Абдулла Гүлмен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында Абдулла Гүл Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі беделді саясаткер әрі тәуелсіз Қазақстанның егемендігін бекемдеп, аймақтағы көшбасшы ел ретінде қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан мемлекет қайраткері екендігін атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

25 Наурыз, 2019

Тұңғыш сапар Түркістаннан басталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына барды. Бұл – оның Мемлекет басшысы ретінде аймаққа жасаған алғашқы сапары. Халықпен кездесу барысында «Тұңғыш Президенттің саясатын жалғастыра беремін» деген Қасым-Жомарт Тоқаев өзі назар аударып, жұмысты күшейтетін бірнеше бағыт жайлы баяндады.

Ұлттық спорт • 09 Ақпан, 2019

Тимур Құлыбаев қазақстандық могулшы Юлия Галышеваны жеңісімен құттықтады

Қазақстан Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев қазақстандық могулшы Юлия Галышеваны әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.

Әдебиет • 19 Сәуір, 2017

Кек пен тек (әңгіме)

Қыс. Қыстаулық. Дала долданған  боран. Аппақ қиыршық қарларды арлы-берлі аяусыз бүрккен қара түн. Боран үдей соққан сайын суық жел шатыр саңлауларынан әлсін-әлсін ысқырып тұр. Үй іші жып-жылы. Пештегі қидың қызуы әлі қайтпаған, шоқ қоламтасы түтіктен бүріккен желмен үрленіп маздай түседі. Іштегі жылу мен сырттағы аяздың айқасынан терезенің көзінде із қалыпты. Білтелі шамның жеткен жарығы тым әлсіз. Үй ішінің күңгірттігі бір-бірін аңдыған оқты көздерге еш кедергі емес.