Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Қазақстан • 19 Тамыз, 2019

2019-2020 оқу жылының каникул кезеңдері бекітілді

Білім және ғылым министрлігі 2019-2020 оқу жылының каникулдар мерзімін бекітті.

Тағайындау • 19 Тамыз, 2019

Әсет Ирғалиев Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әсет Арманұлы Ирғалиев ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Қазақстан • 19 Тамыз, 2019

Нұрлан Нығматулин Твиттерде парақша ашты

Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Твиттерде парақша ашты. Бұл туралы Парламент Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 19 Тамыз, 2019

Қазақстандық компаниялар HALAL EXPO көрмесіне қатыса алады

Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын «World Halal Center» компаниясының Бас атқарушы директоры ханзада Найф бен Абдалла бен Сауд бен Әбдельәзиз Әл Саудтың арнайы өкілі және орынбасары Дауахи әл-Амаанимен кездесті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аймақтар • 19 Тамыз, 2019

Ақмола облысында сібір жарасына байланысты карантин жарияланды

Ақмола облысының Аршалы ауданына қарасты Ольгинка ауылында «сібір жарасына» қатысты карантин жарияланды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінен хабарлады.

Аймақтар • 19 Тамыз, 2019

Алкогольдік заңнаманы бұзғаны үшін 12 жеке кәсіпкер лицензиядан айырылды

Бүгінгі таңда құқық қорғау органдары Павлодарда алкогольдік заңнаманы бұзудың 165 фактісін анықтады, оның ішінде мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен 12 жеке кәсіпкер лицензиядан айырылды. Бұл туралы Павлодар облысы баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 19 Тамыз, 2019

Жидебайдағы жылы жүздесулер

Абай елі бұрын да, қазір де Абайдың туған күнін 10 тамыз күні атап өтуді дәстүрге айналдырған. Биылғы ақынның туған күні де Жидебай басында ерекше аталып өтті. Оған мұрындық болған Өскемендегі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті.

Қоғам • 19 Тамыз, 2019

Жетістік формуласы

«Байсерке-Агро» агрохолдингінің басшысы Темірхан Досмұхамбетов айтқандай, «Білім, ғылым және өндіріс бірлігі – ауыл шаруашылығы өндірісін көтерудің негізі және кәсіпорын жетістігінің формуласы».

Қазақстан • 19 Тамыз, 2019

Ғылымды қаржыландыру – маңызды мәселе

Әлемнің дамыған мемлекеттері ғылымды бәсекеге қабілетті қоғам құрудың іргетасы деп есептейді. Әлемдік білім кеңістігінің жаңа сапалық белгілерін де ғы­лым­ның дамуы айқындауда. Әсіресе «цифрлы қоғамда» қай мемлекет ұрым­тал, тиімді ғылыми жаңалықтар мен ақпараттарды жасай алса, сол мем­лекеттер пай­даға кенеледі, күшейе түседі. Цифрлы технологияларды мең­герген жас ұр­пақтың мемлекетке пайдалы шаруамен айналысуы ғылыми зерт­теулерді жолға қоюда шешуші рөл атқаруда. Жылдам өзгеріп жатқан қоғам­ның эко­но­микалық жаңаруы, әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы, балама­лы қуат көз­дерін пайдалану, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқ­ты мін­деттер ғылыми ізденістер мен зерттеулерді белсенді жүргізуге тәуелді.

Тарих • 19 Тамыз, 2019

Алыптар жайлы үш үзік сыр

Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған адамдар болады. Ол аңыз біртуар азаматын сүйген ырза халықтың, мырза көңілінен туады. Ұрпақтан ұрпаққа жететін, соны туындыларымен ғана емес, азаматтық, ерлігімен де ел құрметіне бөленген Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов жайлы да аңыз әңгімелер аз емес. Мен аңыз емес, өз көзіммен көрген, өзім куә болған жайлардан суыртпақтап сыр шерте отырып, қайталанбас хас таланттың көпке таныс емес кейбір қырлары мен сырлары жайлы әңгімелекпін.