Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22283 материал табылды

Қоғам • 11 Наурыз, 2024

Адал еңбек масылдықтан сақтайды

Қазір еркіндік пен жеке жауапкершілік түрлі себептермен өзімшілдікке ұласып, рухани сезім төмендегенін еш жасыра алмаймыз. Ең ақыры, өмір сүріп отырған ортамызды, қоғамды сынау, жамандау жақсы емес. Барлығын жоққа шығаруға келгенде ақылынан алжығандай тартынбайтындар төбе көрсете бастады.

Білім • 11 Наурыз, 2024

«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы

Кейінгі жылдары «Қазақ тілі» оқу­лықтарындағы бағдарламалар мен стандарттарда қазақ тіліндегі нормаларға мән берілмеу, қазақ мектептеріндегі «Қазақ тілі» оқулықтарының орыс мектептеріндегі оқулықтар сияқты лексикалық тақырыпқа көп көңіл бөліп, тілдегі норма мен жүйенің үйретілмеуі, грамматикалық ережелердегі бірізді­ліктің сақталмауы жағдайды мүлде ушық­тыра түсті. Қазақ мектептеріндегі «Қазақ тілі» оқулықтарының тілдегі жүйе норманың орнына география, экология, астрономияға қатысты түр­лі лексикалық тақырыптар берілген. Пән мұғалімдері солардың соңынан қуалап, «Қазақ тілі» пәнінің мазмұнынан айырылғанын айтып, дабыл қақты. Дұрысында, орыс мектептері мен қа­зақ мектептеріне арналған оқулық­тар­ жүйесі, құрылымы мүлде бө­лек болуға тиіс.

Сайлау • 10 Наурыз, 2024

Сайлау барысымен танысты

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров пен комиссия мүшесі Сәбила Мұстафина жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан, Абай облыстарына барды.

Дін • 10 Наурыз, 2024

Теріс ағымның келеңсіздігі

Халқымыздың 70 пайызға жуығы мұсылман дінінің өкілдері. Дін ұстануға еркіндік берілгелі 30 жылдан астам уақыт өтті. Алайда алғашқы жылдары мұсылмандық діннің дұрыс бағыт-бағдарын білетіндер қатары сирек еді.

Өнер • 10 Наурыз, 2024

«Шаттық Отаны». Реквием

«Киікті» стансасынан өткен сайын қазақтың даңқты композиторы Сыдық Мұхамеджанов осы жерден Алматыға арман арқалап кеткен шығар деген ойға түсем. Оның кіндік кесіп, кір жуған жері қазақтағы ғажайып та, қасиетті топырақтың бірі һәм бірегейі десе болады. Үш мыңжылдық көшпелілер мәдениетінің толғағы жетіп, тоғысқан жері – бұл. Сарыарқаның саз қонған аймағында уызына жарыған сазгер күні кешегі Тәттімбет, Тоқа, Дайрабай, Қыздарбек, Сембек, Әбди, Әбікен, Аққыз, Итаяқ, Мақаш, Бегімсал дәстүріндегі шертпе күйдің қазанында қайнап, қаймағына кенелген біртуар тұлға еді. Оның «Шаттық Отаны» поэмасында сол терең де, ерен тылсым сиқыр алыстан айқұлақтанып, құлаққа шалынады. Қазақтың ұлы композиторы Сыдық Мұхамеджанов осы туындысын музыкалық поэма деп атаған екен. Шын мәнінде бұл – бір дәуір, бір заманның марапат жыры. Қазтуғанның «Мадақ жырындай» патетикалық поэма.

Пікір • 08 Наурыз, 2024

Білім іздеуден жалықпаймын

Бала кезімнен нақты ғылымға қызықтым. Математиканы жақсы көріп өсіп, тіпті осы пәннің мұғалімі де болғым келді. Бірақ әкем «Қаржы және Кредит» мамандығын таңдауға кеңес берді. Ол менің математикалық және аналитикалық қабілетімнің аталған салада көмекке келетінін, сонымен қатар жақын арада елімізде қаржы саласының үлкен даму қарқынына ие болатынын, сөйтіп жас мамандар үшін тың мүмкіндіктер ашылатынын да айтты. Осылайша, мен қаржылық білім алдым.

Қаржы • 08 Наурыз, 2024

Біліктілік еңбекпен келеді

Қаржы әлеміне жастайымнан қызықтым. Әуелгі білімді Ақтөбеде алдым. Кейін шетел асып, Оңтүстік Кореяның Сеуліндегі KDI School of Public Policy and Management-ті мем­лекеттік саясат мамандығы бойынша тәмамдадым. 2020 жылы UC San Diego Extension қаржы саласындағы бизнесті басқару бағдарламасын аяқтадым. POSCO Asia Fellowship және «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерімін. Бүгінде стра­тегия, статистика және қаржы саласында табысты еңбек етіп келе жатқаныма 14 жылдан асыпты.

Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2024

Мансап пен отбасыны тең ұстау өнегесі

«Караван» газетінен Еуропалық қайта құру және даму банкінің «кредит менеджерін іздейміз» деген хабарландыруын көріп қалып, көрсетілген нөмірге факс арқылы резюмемді жібердім. Қызық болғанда 240 үміткердің ішінен 8 адам өттік және сол банктің базасында кредит эксперті мамандығы бойынша білім ала бастадық. Онда тек оқып қоймай, жұмыс істеуге де мүмкіндік берілетін.

Пікір • 08 Наурыз, 2024

Ел бірлігінің ұйытқысы

Ұлт қыз-келіншектерінің, ұлт анасының мәселесі қазір аса көкейкесті. Бұл – Әділетті Қазақстанның елдік үлкен бір арнасы. Қазақ әйелі деген ұғымға елімізді мекендейтін барлық этностың әйел қауымы кіреді. Әлемдік аяда бұл дәл солай.

Басылым • 08 Наурыз, 2024

«Айқын»: Ақпарат айдынында – 20 жыл

Кезінде ақпарат кеңістігіне жаңа леп, тың серпінмен қосылған басылым «Айқын» газетінің шыға бастағанына 20 жыл толды. Бүгінде бүкіл ел көлеміне таралатын, өзіндік бет-беделі бар қоғамдық-саяси газеттің алғашқы саны 2004 жылдың 6 наурызында жарық көрді.