Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19986 материал табылды

Үкімет • 04 Қыркүйек, 2023

Жаңа министрлерді таныстырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов Мәдениет және ақпарат, Сауда және интеграция, Көлік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Туризм және спорт министрліктерінің ұжымдарына жаңа басшыларды таныстырды.

Қоғам • 03 Қыркүйек, 2023

Отбасы және жастар министрлігі құрылса екен - Ұлан Аманқазыұлы

Мемлекет басшысының Жолдауында көптеген тақырыптар қозғалды. Спорт және туризм, Мәдениет және ақпарат министрліктері қайта құрылымдалып, жаңа министрлер тағайындалды. Шетелдік инвесторлар мен қазақстандық кәсіпкерлер арасынан ірі меценаттарды тарта отырып туризмді дамыту мәселелері назардан тыс қалмады. Ауыр және жеңіл өнеркәсіп салалары шикізат шығарумен ғана шектелмей, өндеу мәселесін де қолға алу керек екені айтылды. 

Егемен Қазақстан • 02 Қыркүйек, 2023

Әкімдерді сайлау заңға сай өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елімізде кадр тапшылығы өзекті мәселе болып тұрғанын, сапалы мамандар тәрбиелеуді қолға алу керек екенін айтты.

Президент • 02 Қыркүйек, 2023

Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды,  деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пікір • 02 Қыркүйек, 2023

Жолдаудағы басты тұжырым – тиімділік

Президенттің кеше ғана жарияланған халыққа Жолдауы – елді жасампаздыққа жетелейтін тарихи құжат. Бұл – елімізде кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқан ауқымды әрі маңызды реформалардың жалғасы. Жалпы, кейінгі бес жылдағы Президент жолдаулары бір-бірімен біте қайнасып жатыр. Өткен жылы бастау алған саяси жаңғыру жұмыстары үлкен экономикалық өзгерістерге ұласты.

Ғылым • 02 Қыркүйек, 2023

Ғылыми-технологиялық бастамаларды қолдау маңызды

Өркениеттің алтын қақпасы ғылымда екенін дамыған мемлекеттер дәлелдеп отыр. Қазақстан да осы көштің белді мүшесі ретінде ғылымның шырағын жағып, ғалымдарға ерекше көңіл бөліп келеді. Мұның бір дәлелі – Президенттің Жолдауда ғалымдарға үлкен жауапкершілік артуы.

Ғылым • 02 Қыркүйек, 2023

Агроғылымды нақты қолдау жеміс береді

Президент Жолдауда агросекторды дамытуға айрықша тоқталып, халықтың көкейінде жүрген бірқатар мәселенің түйінін тарқатты.

Пікір • 02 Қыркүйек, 2023

Бізге су дипломатиясы қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешегі Жолдауында жаңадан Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылатынын атап өткен еді. Су үнемдейтін технологияларды енгізу аса маңызды және шұғыл міндет екеніне тоқталды. Еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан еш кем емес екенін еске салды.

Шаруашылық • 02 Қыркүйек, 2023

Өңірлер үшін өзекті

Жолдауда ел дамуына серпін беретін көп мәселе айтылды. Соның ішінде бірнешеуін ерекше атап өткім келеді. Біріншіден, Су және ирригация министрлігі құрылады. Бұл мен сайланған Ұлытау облысы үшін өте маңызды. Бетпақдаланың шекарасында орналасқандықтан, су тапшылығы – үлкен мәселе. Сол себепті бұл қадам облысқа тың серпіліс береді деп есептеймін.

Пікір • 02 Қыркүйек, 2023

Ауыл шаруашылығын дамытудың мүмкіндіктері

Президент осы Жолдауында ауыл шаруашылығы саласының көптен бері шешілмей келе жатқан бірқатар күрделі мәселесін ашып айтты. Мысалы, шаруашылықтар меншігіндегі техниканың 80 пайызы тозып кеткенін атап көрсетіп, жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыруды міндеттеді. Ең бастысы, Мемлекет басшысы бұл ретте еліміздегі техника өндірушілер мен шаруалардың мүддесі қатар ескерілгені абзал екенін әділ атап өтті.