Есірткі • 25 Шілде, 2023
Қостанайда Kinder-ге жасырылған есірткі табылды
Қостанай облысының полицейлері Ресей азаматынан Kinder-ге жасырылған есірткіні тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Әлем • 25 Шілде, 2023
Данияда наразылық білдірушілер Ирактың Копенгагендегі елшілігінің алдында Құран кітабын өртеп жіберді. Бұл туралы Reuters хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 25 Шілде, 2023
Қазақстанда екі мыңға жуық бала қызылша жұқтырған
Биыл 2 мыңға жуық бала қызылшамен ауырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Шілде, 2023
Жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек. Осы жолдар адамды бір көргеннен жақын тұтып, жанына тартып, үйіріп әкететін көпшіл де бауырмашыл, адал да ақжүрек жігіттер қатарына жататын, бүгінде өмірдің алтыншы белесіне аяқ басқан Айбын Әдепханұлына арналып айтылғандай. Хакім Абай «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген өсиетсөз қалдырғаны да осы Айбын Әдепханұлы тәрізді дарқан мінезді, нардың да, бардың да жүгін тік көтеріп кете беретін айтулы азаматтардың сойын мегзеген болар. Ол мақтау мен мадаққа еш мұқтаж емес. Оның атына бізсіз де әр тараптан ақ адал алғыс, жақсы лебіз, жылы пікір айтушылар көп екені белгілі. Біз шәкірттері ретінде бірауыздан азамат ерге деген шынайы ықыласымызды, оның өзіміз куә болған істерін паш етуді жөн санадық. Бұл – шәкірттер көкейіндегі риясыз ой.
Таным • 25 Шілде, 2023
Мына дүрбелеңге толы шетсіз-шексіз дүниенің жаймашуақ сәттерінің бірінде бейтаныс кісілермен дидарласып, содан тіпті бір-біріңді көптен білетін адамдай тез тіл табысатын жандар болады емес пе? Оның бірі есіңде қалса, ал екіншісі аққан жұлдыздай із қалдырмай ұмыт қала береді. Әрине, бұл да табиғаттың адамға берген бір қасиеті болар. «Жылқы кісінескенше, кісі сөйлескенше» деген. Ойлап отырсақ, расында, сұхбаттасушыны сөз саптауынан, пайым-пікірінен қас пен көздің арасында танып-білуге болады екен.
Қоғам • 24 Шілде, 2023
Сайлаушылар талап-тілегі – басты назарда
Мәжіліс депутаттары өңірлерге сапары аясында тұрғындармен кездесіп, халықты толғандырған өзекті мәселерді талқылап, сайлаушылардың талап-тілегін тыңдауда. Мысалы, депутат Жұлдыз Сүлейменова Ақтөбе, Абай және Ұлытау облыстарындағы ауылдарға барып, құрылысы кенже қалған мектептер мен стратегиялық нысандарды аралады.
Таным • 24 Шілде, 2023
Еліміздегі ең биік шың туралы алғаш рет қалам тартқаныма 40 жылдың жүзі болыпты. Ол 1981 жылдың 12 қыркүйегіндегі «Лениншіл жас» газетінде шыққан шағын мақалам еді. Содан бері әрәдік түрлі басылымдарда Аспантау аясындағы оның ерекшеліктері, оған аяқ басқан алғашқы саяхатшылар мен зерттеушілер және 7 010 метрлік биіктікке ие бұл мұз құрсаулы мұнараны тұңғыш бағындырған альпинистер хақында қадери-халімше 8 мақала жазыппын. Былай алып қарағанда, оларда бәрі де қамтылып, жеткілікті айтылған сияқты еді. Бірақ сөз етіліп отырған шыңның біз білмейтін құпиялары әлі де баршылық екен. Соның бірі санамызға ойда жоқта сап ете түскен: «Хан-Тәңірін алғаш рет суретке түсірген фотограф... Алып шыңның болмыс-бітімін әлемге тұңғыш жария еткен ол кім?» – деген сұрақ-тын.
Таным • 23 Шілде, 2023
Тамырлас топонимдер: Қостанай – Дөң (Дон) – Дунай
Аңдату Қостанай қаласының төл топонимі туралы өзегі мен өрісі бір-біріне ұқсас болып келетін көптеген пікір бар. Өйткені қалыптасқан пікірлердің басым көпшілігі топонимикалық әпсаналарға сүйенеді, сол себепті халықтық қарабайыр этимологиялық таным тұрғысынан өрбіп, өрнек тауып отырады. Жалпы, этимологиялық таным кең білімпаздықты қажет етеді және тіл білімі ғылымының бір саласы ретінде лингвист зерттеушінің зейіндік өресі мен ғылыми зердесінің деңгей-дәргейіне тікелей байланысты.
Құрылыс • 23 Шілде, 2023
«Жайлы мектептің» жайбарақат мердігерлері
«Жайлы мектеп» келешек ұрпақтың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына айтарлықтай мүмкіндік бермек. Қарағанды облысында әртүрлі сыйымдылықта 300-ден 2000 орынға дейінгі 18 мектеп салынады.
Әлем • 21 Шілде, 2023
Геосаяси мәселе Корея елі үшін де жат емес. Бұл мәселе жапон отаршылдығының ресми түрде аяқталғанына 78 жыл өткеніне қарамастан, әлі күнге дейін шешімі табылмай, екі ел арасындағы араздықтың себебі болып отыр.