Парламент • 24 Қараша, 2023

Сайлауалды бағдарламадағы бірқатар мәселе шешімін тапты - Дархан Қыдырәлі

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент сайлауы өткеніне де бір жыл толыпты. Осы бір жылдың ішінде көптеген ауқымды жұмыстардың атқарылғаны белгілі. Перзиденттің сайлауалды бағдарламарында айтылған бірқатар мәселе нақты шешімін тапты. Саяси реформалар жалғасты. Мәжіліс, Сенат, мәслихат және аудан, қала әкімдерінің сайлауы өтіп, Парламент құрамы жаңарды.

Сайлауалды бағдарламадағы бірқатар мәселе шешімін тапты - Дархан Қыдырәлі

«Экономиканы монополиясыздандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді. Заңсыз сатып алынған және шетелге шығарылған активтерді елге қайтару бастамасы бойынша 1 трлн теңге сомасында қаржы қайтарылды. «Ұлттық қор – балаларға», «Қуатты өңірлер - елді дамытудың драйвері» жобалары қабылданды. Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы аясында мемлекет меншігіне 8 млн.га пайдаланылмаған жер қайтырылды. Ұлттық құрылтайда ел дамуының идеологиялық бағыттары айқындалды.

Қаншама халықаралық іс-шаралар өтіп, жемісті келіссөздер жүргізілді. Мұның бәрі қазіргідей аумалы-төкпелі геосаяси ахуалда айтуға ғана оңай ауқымды жұмыстар. Сондықтан жемісті жылдың жеңісті жолға айнала беруін тілейміз», деді Д.Қыдырәлі.