Қазақстан • 09 Қараша, 2022
Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы бұйрығына сәйкес, Қарулы Күштерде 7 қараша Әскери журналист күні кәсіби мереке болып бекітілді. Біз мұны ақпарат майданында сертте тұрған семсер сөз иелеріне көрсетілген құрмет деп білеміз.
Ғылым • 09 Қараша, 2022
Мұхтарбай Өтелбаев! Бұл есім – биік деңгейде әспеттеліп айтылатын айтулы тұлға. Шын мәніндегі білімі мен білігі мықты, ой-өрісі биік, көзқарасы мығым, артық сөзден ада, барды місе тұтып, кемді кемелдігі жеңіп, ғылым деген мұхит әлемінің, оның ішінде дәл бүгінгі қазақ математиктерінің көшбасында келе жатқан заңғар оқымысты.
Әдебиет • 09 Қараша, 2022
Ақ Еділдің сағасы – Ақ Жайықтың жағасы...
«Адамның басы – Алланың добы» деген ескіден келе жатқан нақыл сөз бар. Бұған қарсы тұрып, дау айту – қиынның қиыны, дәлірек айтсақ, мүмкін емес. Өнерін айға балаған, талай-талай тарландар шырқап шығар өз биігіне қолы енді-енді жеткенде, ажал атты айдаһар бас-көзге қарамай, құрығын дәлдеп тастап, фәни дүниеден бақи дүниеге ала жөнелді. Әдебиет пен өнер майданына қомақты олжа салған екі қаламгер – Әнес Сарай мен Қажығали Мұханбетқалиұлының көзі тірі болғанда, Әнекең осы жылғы қарашаның 21-де сексен бес жасқа, ал Қажекең желтоқсанның 7-де сексен жасқа толып, той-думан тым ұзаққа созылар еді, бірақ ажал шіркінге не дерсің!
Руханият • 09 Қараша, 2022
Астананың мәдени-рухани өмірінде ерекше оқиға болды. Ұлтымыздың күй өнері саңлақтарының гранит тасқа есімдері жазылып, күйшілер аллеясы ашылды. Бұл Ұлы дала өркениетіне, қазақтың рухани кемелдігіне қойылған ескерткіш болды.
Саясат • 09 Қараша, 2022
Соңғы елу жылда адамзат баласы ғаламат ғылыми-өндірістік жетістіктерге қол жеткізді. Ғарышты бағындырды. Жолаушы, жүк, қаржыны тасымалдау, ақпарат тарату жылдамдығы бірнеше есе артты. Өмір сүру ұзақтығы ұлғайды, тұрмыс деңгейі жақсарды. Әрине, бұл үрдіс жалғаса беретіні анық.
Саясат • 09 Қараша, 2022
Қазақстан Республикасы президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Орал қаласындағы Гагарин атындағы кинотеатрда сайлаушылармен кездесті.
Саясат • 09 Қараша, 2022
Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова еліміздің бірнеше өңірін аралап, халықпен кездесуін жалғастырып келеді. Бұл жолы үміткер Қостанай қаласындағы №4 емхана ұжымымен кездесті.
Саясат • 09 Қараша, 2022
Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Қарақат Әбден Қызылорда облысындағы өңірлік сайлауалды штабына барды.
Саясат • 09 Қараша, 2022
Сапалы тұқым – мол өнім кепілі
Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» серіктестігінің қызметкерлерімен кездесті.
Саясат • 09 Қараша, 2022
Медицина саласын қаржыландыру маңызды
Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Ақтөбе қаласындағы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенттері және профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.