Ғылым • 15 Мамыр, 2024
Құзыреті құлдыраған гидрология
Еліміздің 10 облысында су тасқыны жүріп, халық біраз әбігерге түсті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бас болып, орталық атқарушы билік және жергілікті әкімдер қолдан қелген барлық мүмкіндігін табиғаттың тосын мінезін ауыздықтауға жұмсады. Бастысы, барлық елді мекенде тұрғындар мен басқа облыстардан келген еріктілер ерен еңбек үлгісін көрсете білді. Апат еңсерілгеннен кейін бұған кім кінәлі деген сұрақ туып жатыр, оған сарапшылар әртүрлі уәж келтіреді. Өз тарапымнан тасқын су апатын дер кезінде болжай алмаған және жергілікті атқарушы органдарға жеткізе алмаған басты фактор гидрология саласының тоқырауы дер едім.
Сараптама • 15 Мамыр, 2024
Орнықты даму мәселесі – тауарды жеткізудің халықаралық тізбегі өзгеріп, аймақтық қақтығыстар мен санкция салдарының әлемдік экономикаға әсері адамзаттың күнделікті өмірінде сезіліп жатқан бүгінгідей уақытта өзекті тақырыптың бірі. Осыған орай оқырман назарына «Жаһандық орнықты бәсекеге қабілеттілік индексін» ұсынамыз.
Тұлға • 15 Мамыр, 2024
Елдегі машина жасау мектебі өткен ғасырдың 70-жылдары қалыптасып, ғылыми негізі нығая бастады. Қазақ инженер-механиктері ауыр өнеркәсіп пен тау-кен өндірісіндегі техникаларды жетілдіруге белсене араласты. Оның бастауында техника ғылымдарының докторы, профессор Серғазы Жиенқұлов тұрды.
Ғылым • 15 Мамыр, 2024
Халқымыз «Білім – инемен құдық қазғандай» дейді. ХІ–ХІІ ғасырда өмір сүрген ғұламалар Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, т.б. еңбектерін сол кездегі туған жұртына жақын тілмен жазудағы мақсаты – өздері жақсы меңгерген араб тілін сыйлай отырып, түркі ғылыми тілінің мәртебесін көтеру еді. Бірде академик-математик Мұхтарбай Өтелбаев жиылған зиялы қауым алдында: «Менің ғалымдығым да, профессорлығым да қазақтығымнан садаға. Алдымен қазақпын, мұсылманмын, сонан кейін ғалыммын. Ата-бабамның аруағын сыйламасам, мыңдаған жыл өмір сүрген ана тілімде сөйлемесем, ата салтымды сақтамасам, мен ешкім емеспін», деп ой айтқаны жадымызда.
Басылым • 15 Мамыр, 2024
Қазақтың ата тегі туралы кітап қытай тілінде шықты
Еліміздің антрополог ғалымдары – ҰҒА академигі, Болония Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Оразақ Смағұлов және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті археология және антропологиялық зерттеулер ғылыми орталығы физикалық антропология зертханасының аға ғылыми қызметкері Айнагүл Смағұлова Алматының «Arna» баспасынан «Қазақ халқы және ата тегі» атты кітап(2020) шығарған еді.
Тарих • 13 Мамыр, 2024
Кешегі Кеңес одағы кезінде мал шаруашылығындағы тамаша табысымен аты дүрілдеп шыққан, жемісті де жеңісті істеріне ел сүйсінген екі мәрте Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаев барша қазақ айрықша мақтан тұтқан тұлғаның бірі. Шу өзенінің жағасына дейін жайылып жатқан Мойынқұмның құмды бел-белестері мен Хантауының оты мол көк шалғын, көкорай бөктерінде мыңғыртып қаракөл қойын өсірген шопан атаның соңынан ерген шәкірттері, жұмысын жақсы жалғастырған ізбасарлары да көп болған.
Тағзым • 11 Мамыр, 2024
«Жас ақын Абдолла Жұмағалиев батырлық туралы жазуды сүюші еді. Оның геройлары тамаша ерліктер жасауға ұмтылатын. Соғыс ақынның өзін де шығармаларындағы геройлары сияқты батыр, табанды солдат етіп шығарды». «Социалистік Қазақстан» газетінің 1943 жылғы 13 қаңтар нөміріндегі осылай басталатын шағын мақала ақынның майдандағы ерлігін еліне әйгілеген еді. Жерлестеріне, қаламдас жолдастарына ғана емес, ержүректік оқиға бұдан екі күн бұрын «Правда» газеті арқылы бүкіл одаққа мәлім болған-ды.
Саясат • 11 Мамыр, 2024
Айбек Дәдебай: Президенттің нақты жоспары – Қазақстанды озық елге айналдыру
Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай «Jibek Joly» телеарнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында ол ел өңірлеріндегі су тасқынынан кейін тұрғындарға жан-жақты көмек, табиғи апаттарға тосқауыл қою, шетелден қайтарылған активтер, мемлекеттік тілдің дамуы, кадр мәселесіне қатысты қойылған сұрақтарға пікір білдірді. «Egemen Qazaqstan» газеті оқырман назарына осы сұхбаттың жазбаша нұсқасын ұсынады.
Тағзым • 10 Мамыр, 2024
Сұрапыл соғыс талай әулеттің тірегіне айналған азаматтардың өмірін қиды ғой. Майдан даласынан жеткен қара қағаздан жаны сыздаған отбасылардың саны қаншама... Аталарымыз бен әкелеріміз Отан үшін отқа түсіп, майдан шебінде жанкештілікке толы ерлік үлгісін көрсетті.
Пікір • 10 Мамыр, 2024
Қазақстан халқының бірлігі күні – елімізде ғана емес, сонымен қатар түрлі мәдениеттер мен ұлттар арасындағы бейбітшілік пен үйлесімді еске салатын күн. Бұл күн бізге алуантүрлілік күштің және шабыт көзі бола алатынын, бөлінудің емес, бірігудің үлгі-өнегесін көрсетеді. Мерекенің маңызы ұлттық шекаралардан асып, дүниежүзіндегі қазақтардың да жүрегіне жететіні сөзсіз.