Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22266 материал табылды

Пікір • 11 Қыркүйек, 2024

Заң мен тәртіп – әділеттің басты кепілі

Адамзат баласы әлмисақтан бері әділет іздеп келе жатқаны анық. «Әділет жоқ» деп кей-кейде налитынымыз да бар. Әркімнің өз ақиқаты барын ескерсек, тұтас қоғам мен мемлекеттің әділ болуы – аса маңызды мәселе. Бұл ретте біздің қоғамның әділетке зәру екені белгілі. Осыны терең сезінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін қолына ұстаған кезінде «Біз әділетті мемлекет, әділетті экономика және әділетті қоғам құрамыз» деп мәлімдеді. Содан бері елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен тың әрі жаңа өзгеріс серпілісі басталды.

Егемен Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2024

«Хат қоржын»

Ауыл – ұлттың қара шаңырағы Кеңес дәуірінде халқымызды ауылдан ұзатпай, мәдениеттен, өркениеттен оқшау қалдырды. Соны өзіміз де бастан өткердік. Тіпті мектеп оқушылары ақысыз қара жұмыс істеді. Ауыл мен қала арасына көзге көрінбейтін өткел қойылды. Қысқасы, сол заманға бүгінгі күннің биігінен қарасам, көп нәрсеге көңілім толмайды.

Бағдарламалар • 10 Қыркүйек, 2024

Отбасы банк пен Жетісу облысының әкімдігі «Жерұйық» тұрғын үй бағдарламасын іске қосады

Мұғалімдер, дәрігерлер, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер және «халықтың әлеуметтік осал топтары» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар жеңілдетілген талаптармен баспана сатып ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Таза Қазақстан» • 10 Қыркүйек, 2024

«Таза Қазақстан»: Қарағанды облысының жастары экоакцияда белсенділік танытты

Қарағанды облысының тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдап, іс-шараға белсенді түрде атсалысып жатыр. Оныншы қыркүйекте Саран жастары бөгеттің жанындағы су қоймасының жағалауын қоқыстан тазартты, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Саясат • 10 Қыркүйек, 2024

Сербия тәжірибе алмасуға ықыласты

Белградта Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан – Сербия үкіметаралық комиссиясының III отырысы өтті. Қазақстан делегациясын Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин басқарды.

Тәрбие • 10 Қыркүйек, 2024

Еңбекке баулу балабақшадан басталады

Шын мәнінде, көбіміз мән бере бермейтін бір дүние бар: негізінен барлық білім жүйесінің іргетасы – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту са­тысы. Өйт­ке­ні тәрбие мен білім ұйымдарының бірінші бас­пал­дағы – балабақша. Ал үй берік, биік болуы үшін іргетасы мықты болуы керек. Осындай оймен ата-ана­лардың басым бөлігі балаларының бас­тауыш сыныптардағы біліміне, тәр­бие­сіне ерекше назар аударады. Ақи­қа­тында, оқушының бас­тауышта білім-білік, дағдысы қан­дай деңгейде болуы мектепке дейінгі тәрбиесі мен біліміне тікелей бай­ла­нысты.

Пікір • 10 Қыркүйек, 2024

АЭС-тің ел дамуындағы әсері

АЭС – еліміздің энергетикалық саясатының маңызды бағыты. Кейінгі кездері жаңартылатын әрі баламалы қуат көздерін дамытуға нақты бағыт алдық. Еліміз жалпы энергия теңгерімі құрылымындағы жаңартылатын қуат көздерінің сапалы өсімін 3%-ға жеткізді. Осыған дейін бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 10%-ға дейін өсіруді мақсат еттік. Енді Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңартылатын қуат көздерінің үлесін 15%-ға дейін жеткізбекпіз. Сол себепті, АЭС құрылысының ел дамуына мультипликативті әсерін толық ұғынуымыз қажет.

Пікір • 10 Қыркүйек, 2024

Цифрландырудың игілігі көп

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында республикалық бюджеттің кіріс бөлігі орындалмай жатқанына тоқталып, бөлінген қаражатты тиімді пайдалану мен оның шығыс бөлігін қатаң бақылауда ұстау қажет екенін айтқан болатын.

Шаруашылық • 10 Қыркүйек, 2024

Ауыл шаруашылығы алға бассын десек...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуының болашақтағы бағыттарын айқындады. Сол бағыттардың ішінде ауыл шаруашылығы саласын дамытуға байланысты негізгі мәселелерге ерекше тоқталды.

Салық • 10 Қыркүйек, 2024

Салық төлеу тәртібі жеңілдейді

Мемлекет басшысы Жолдауында «Жаңа салық кодексі қазіргі жүйені қайта жаңғыртуға арналған. Бұл құжат салықтық әкімшілендіру ісінің салық төлеушілерге деген сенімге негізделген мүлде жаңа жүйесін қалыптастыруға тиіс. Салық режімдерін кәсіпкерлерге жасалған қолайлы жағдайдың нашарлап кетпеуін ескере отырып, оңтайландырған жөн», деген еді. Осы тапсырманы орындау үшін орталық аппарат жұмыстар атқарып жатыр.