Пікір • 13 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысы жаңа экономикалық саясатты іске асыруға басымдық берген кезекті Жолдауын жариялап, Үкімет пен қоғам алдында тұрған негізгі міндеттерді тағы бір мәрте қаперге салды. Кейбір маңызды тұстарын егжей-тегжей анықтап та берді. Жолдауда атап өтілгендей, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу айрықша маңызды.
Пікір • 13 Қыркүйек, 2024
Техникалық мамандықтың болашағы зор
Қыркүйек айы жақындаған уақытта Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауын тағатсыздана күткеніміз рас. Себебі Президент Жолдауы маңызды құжатқа айналып, алдағы бір жылда атқарылуға тиіс ауқымды шаруалардың жоспары түзілетінін аңғарып жүрміз. Әсіресе мемлекеттік органдардың өкілдері жұмысын бір пысықтап алатыны анық. Кейін ел тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асатыны қуантады-ақ. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының көздегені де осы емес пе?
Пікір • 13 Қыркүйек, 2024
Биыл жазғы демалыс уақытында еліміздің бірқатар өңірінде болып, жергілікті жұртпен жүздескен едім. Сонда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған мәселенің бәрі тұрғындар тарапынан да көтерілді. Сол себепті Мемлекет басшысының Жолдауын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымының көрінісі болды деуге толық негіз бар.
Пікір • 13 Қыркүйек, 2024
Халықтың түсінігі мен пікірі маңызды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында 6 қазанда АЭС құрылысы бойынша ұлттық референдум өтетінін хабарлады. Бұл референдум – елдің стратегиялық шешімдер қабылдаудағы халықтың пікірін ескеру бағытында жасалған нақты қадам. Алдағы таңдау еліміздің энергетикалық болашағын айқындайтын маңызды шешім болары анық.
Құқық • 13 Қыркүйек, 2024
Электронды білезіктің тиімді тұсы
Қылмыстық атқару жүйесінің күнделікті қызметінде заманауи техникалық құралдар мен арнайы мақсаттағы ақпараттық жүйелерді пайдалану – қауіпсіздіктің жоғары деңгейін және жазаның тиісті дәрежеде орындалуын қамтамасыз етудің өзекті де жаңашыл тәсілі. Бұл технологиялар нақты уақыт режімінде нысандарды қашықтан көріп отыруға мүмкіндік беріп, бақылаудың тиімділігін арттырады және қылмыстардың алдын алады. Сондай-ақ өмір сүру жағдайын жақсартуға, қайталанатын қылмыстар деңгейін төмендетуге және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға көмектеседі. Бұл әдіс пенитенциарлық мекемелерге қойылатын заманауи талаптарға жауап береді және қылмыстық сот төрелігі саласындағы озық үрдістерді паш етеді.
Руханият • 13 Қыркүйек, 2024
Біздің буын әдебиетке әйгілі Желтоқсан көтерілісінен кейін келді... Жалпы жұрттың ұйқы басқан санасында сілкініс туып, сол кездегі қолына қалам алған жас буынның ішкі қарсылығы мен уытты зығырданы зар-запыран болып ұйып тұрған алмағайып уақ-ты. Біздің арамызда қызыл қоғамның зардабы тимеген қыз-жігіт некен-саяқ. Жүрегіне жара қатып, санасына салмақ түскен. Булыққан буынның шығармашылығында ширыққан ой-сезіммен қоса цензура тыйым салған удай жайларды ашық жазу қалыпты үрдіске айналуы да содан болар... Батыл болды, батырып жазды. Соқтасы шыққан сол сұрапыл оқиғалар сілемі үміт күткен тәуелсіздікпен астасқанының куәгері болған, алас-күлеске толы өксікті күндерде опынған, бірақ қазақ руханиятына адалдық қалпынан айнымаған бұла буының өкілі – біздің Роза Мұқанова.
Талбесік • 13 Қыркүйек, 2024
Алтайдың арқа белі, Марқа көлі
Тамыз айында атамекен Марқакөлге сапар шегіп қайтудың сәті түсті. Аудандағы азаматтар Ыстанбұл Мимар Синан университетінің профессоры Әбдіуахап Қара екеумізді елге келіңіздер деп арнайы шақырған еді. Қанша дегенмен, Марқа өңірі Әбең екеуіміздің атамекеніміз болғандықтан, кеңестік асыра сілтеу жылдарында әкелеріміз осы өлкеден шет жұртқа ауғандықтан, жанымызға жақын, жүрегімізге жылы сезіледі. Біз барғанда өлке тамылжып, сапарлауға сай болып тұр еді.
Мирас • 13 Қыркүйек, 2024
Кемеңгерге Кедринадан келген хаттар
Негізі Мұхтар Әуезовке жазылған хаттарды мұқият жинап, жазушы мұражайына өткізудегі Валентина Әуезова мен Ләйла Мұхтарқызының еңбегі зор. Әсіресе, З.Кедринаның бүкіл хаттары Валентина Николаевнаға бағытталып жазылғанымен, оның сыртында үнемі Мұхтар Әуезовтің өзі, елесі тұрады. Суреткердің сол кездегі көңіл күйі, психологиялық пошымы, эмоциясы мәтіндегі сөз ырғақтарынан, ритмдік реңнен байқалады. Бүтін бір кезеңнің эпистолярлық мәдениетін тануға мүмкіндік беретін бұл хаттар мәтіндері ұлттық әдебиеттану ғылымында тұңғыш рет жарияланып, ғылыми және әдеби айналымға ілініп, ғылыми тұрғыдан талданып, зерделеніп отыр.
Аңдатпа • 13 Қыркүйек, 2024
14 қыркүйек - «Ұлы дала сазы» Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясында Қазақ оркестрінің «Ұлы дала сазы» кеші ұсынылады.
Тағзым • 13 Қыркүйек, 2024
XX ғасырдың 60-жылдарындағы қазақ зиялыларының бойында елім-жұртым жетілсе екен, білімге сенген заманда есеміз кетпесе екен, халқына жақын ұл өссе, қанатын жазып қыз өссе дейтін ұлы мақсат бар еді. Сондай ханнан да қадірлі, жаны да, ары да, қолы да таза, тура сөзді, отырған орны орман, жас жапырақтарға қорған Күләш апа Құнантаева еді.