Спорт • 30 Мамыр, 2024

Көшпенділер рухы қайта жаңғырады

218 рет
көрсетілді
16 мин
оқу үшін

2023 жылғы 17 маусым Түркістан қаласында өткен «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты Ұлттық құрылтайының екінші отырысында Президент қоғамда жаңа құндылықтарды орнықтыру үшін қажетті сегіз нақты бағытты атап өтті. Оның ішінде, 2024 жылдың 8-13 қыркүйек аралығы өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мәселесін көтерді.

Көшпенділер рухы қайта жаңғырады

Осы орайда, еліміздің елеулі спорттық жаңалықтарына ойыссақ, 2024 жылдың мамыр айы Испанияның Санта Сусанна қаласында Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығының (AIPS) 86-шы конгресі өтті. Конгрес аясында, биыл күзде Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасы таныстырылды.

Нақтырақ айтсақ, 2024 жылдың 8-13 қыркүйегі V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлем бойынша 100 елден 3 мыңнан астам мықты спортшылар  мен жанкүйерлер күтілуде.

Спорт – мемлекеттің беделін нығайту құралы. Бәсекелестіктің бұл түрі мемлекеттер арасында байланыс орнатуға, мәдени, экономикалық және саяси байланыстарды сақтауға көмектеседі. Мұндай деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік алу қазірдің өзінде үміткерлер арасындағы бәсекеде үлкен жеңіс болып табылады, бұл еліміздегі спорттың дамыған деңгейін емес, еліміздің әлемге танылғанын көрсетеді.

Ұлттық спорт – еліміздің бренді. Қазақ халқы ежелден барлық мерекелерде жарыс ұйымдастырып, жекпе-жекке деген сүйіспеншілік қанымызда бар. Қазақ үшін күрес спорттан да артық. Ақындар мен жыраулар өз өлеңдері мен дастандарында елі мен жерінің даңқын асқақтатуды бірінші болып жырлағысы келген. Заман мен адамдардың өмірлік құндылықтары өзгереді дей тұрғанмен халықтың дәстүрі сақталады. Осы тұста, «Қазақстан Барысы» турнирінің сәтті болуына ұлттық жоба деуге әбден болады. «Қазақстан Барысы» турнирінің ақтық сынына қатысушылар еліміздің ең мықты балуандары десек артық емес. Расында да, Астана қаласында өтетін финалға шығу үшін олар өз аймақтарында қиын сынақтан өтуі керек. Бүгінгі таңда «Қазақстан Барысы» турниріне қатысу тек беделдікті ғана көрсетпейді, сонымен қатар үлкен маңызға ие.

Мемлекет басшысы 2020 жылы халыққа Жолдауында бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға және  балаларға басым көңіл бөлу керектігін атап өтті. Әр облыста, ірі облыс орталықтарында спорт секцияларын ашуды тапсырды. Осылайша дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданды.

Жыл сайын біз бұқаралық спорттың әлеуметтік маңыздылығының арттыру үрдісін байқаймыз. Оны мемлекеттің спорт саласын дамытуға, әсіресе, бұқаралық спорттың өзін дамытуға қолдау көрсетудегі рөлінен байқауға болады.

Бұқаралық спорттын дамуы үшін облыс орталықтарында спорт нысандарын салу қажеттігін толықтай қолдаймын. Өйткені, Қазақстанның үздік спортшыларының 80-90 пайызы ауылдан шыққан. Спорттық өмір салтын танымал ету спорттық мерекелер, марафондар, турнирлер мен жарыстар сияқты әртүрлі бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырудан басталады. Бұл спортқа деген қызығушылықты оятып, халықтың дене шынықтырумен айналысуын белсенді етеді.

Сондай-ақ, жол картасын талдауды мамандар жасау керек, оның тиімді немесе тиімсіз екенін қарапайым халық қалай айта алады. Бұл нақты талдауды қажет етеді, бірақ біз жаңа Қазақстанды құрғымыз келсе, кез келген жаңалық орын алуы керек.

«2023-2025 жылдарға арналған Салауатты өмір салтын насихаттауды күшейту, халықтың денсаулық сақтау сауаттылығын арттырудың 91-тармағын іске асыру жөніндегі Жол картасын бекіту туралы» Премьер-министрдің өкімінің жобасы дайындалды.

zakon.kz ақпараттық сайтында берілген статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жол картасын жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер өмір сүру сапасын жақсартуға әкеледі.

2025 жылға қарай салауатты өмір салтын ұстанатын Қазақстан азаматтарының үлесін 30%-ға дейін арттыру.

2025 жылға қарай Қазақстанның 15 жастағы тұрғындары арасында темекі шегудің таралуын 19%-ға дейін төмендету.

2025 жылға қарай балалардың (0-14 жас) семіздік ауруын 100 000 халыққа шаққанда 90-ға дейін төмендету.

Азаматтардың өмір сүру ұзақтығын 2020 жылғы 71,37 жастан 2025 жылы 75 жасқа дейін ұлғайту.

Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанның үлкен спорттағы алғашқы жеңісі 1994 жылы Лиллехаммердегі Қысқы Олимпиада ойындарында болды. Сол кезде шаңғышы Владимир Смирнов еліміздің қоржынына алғашқы алтынды салды. Содан бері, қазақстандық спортшылар құраманың қоржынын бірнеше рет Олимпиада жүлдесімен толықтырып отырды.

Спортшыларымыздың жеңістері еліміздің халықаралық спорт аренасындағы имиджін көтерудегі орасан зор қадам болды және Қазақстанға әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстардың жарқын алаңы ретінде назар аударды.

2011 жылы еліміз алғаш рет 26 мемлекет қатысқан Халықаралық Олимпиада комитеті – VII Қысқы Азия ойындарының «қожайыны» атанды. Сол кезеңде Қазақстан құрамасы жалпы 70 медаль жеңіп алды, оның 32-сі алтын. 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізу республиканың маңызды жетістігі болды, оған 50-ден астам елден 1500-ден астам спортшы қатысты. Сондай-ақ Қазақстан үшін 2024 жылдың 8-13 қыркүйегі аралығында өтетін, жалпы саны 3000-нан астам адам қатысатын Көшпенділер ойындары сияқты тарихи оқиғаны атап өткім келеді.

Қазақстандағы ең табысты спорт түрі – бокс деп саналады. Қазақ былғары қолғап шеберлері Олимпиада ойындарында жеті алтын медаль жеңіп алды.

Спортшылар арасында басты мәселесі – спортшылардың психологиялық жағдайы. Спортшылардың ең көп кездесетін психологиялық мәселелері - күйзеліс, депрессия және алаңдаушылық. Күрделі жаттығулар мен ұзақ дайындық кезеңдерінің арқасында спортшылар жоғары деңгейдегі күйзелісті бастан кешіруі мүмкін, бұл өнімділіктің төмендеуі, алаңдаушылық, мінез-құлықтың өзгеруі және тіпті депрессия сияқты әртүрлі мәселелерге әкелуі мүмкін.

Кәсіби спортпен шұғылдануға ең басты себеп, менің ойымша, жарыстарда сәтті өнер көрсету және таңдаған спорт түрінен дарынды болу.

Спортта әрқашан жеңіске жету мүмкін емес. Әйтпесе, жарыс мағынасын жоғалтады. Жеңілістерге төтеп бере білу, сынбау және берілмеу – кез келген спортшы білуі керек өнер. Тіпті Ұлы кормчий Мао Цзэдун: «Жеңілістердің нәтижесі айқын жеңіске апарады» деген. Жағдайды эмоционалды түрде бастан кешіріп, адамды мықты ететін (есейтетін)  тәжірибені алу керек. «Спортта кездейсоқтық  мүлдем болмайды» деген көзқарасты ұстану пайдалы. Мысалы: «Егер мен жеңіліп қалсам, бұл қателескенімді білдіреді. Қарсылас жеңсе, онда оның қателігі аз болды деген сөз. Қателік жасау қабілетсіз дегенді білдірмейді, әркім қателеседі, бұл жалпы тұлға мен қабілеттер туралы ештеңе айтпайды. Өз қатесін мойындау спортшы үшін ұялатын нәрсеге айналмауы керек, бұл жұмыс істеуге мүмкіндік, және де істейтін нәрсе болғаны жақсы. Енді, егер қателер болмаса, сіз өзіңізге уақытында қиынырақ тапсырма бермесеңіз, бұл шығармашылық өсу мен дамуда қауіп тудырады. Алға келесі мәселелерді қою керек. Мысалы: «Немен жұмыс істеу керек? Мақсатыңызға жетуге не кедергі? Қатемді тапқан соң не істеймін? Жеңілістің тиімді тәжірибесі спортшының «жағымсыз эмоциялардан, үмітсіздік өрісінен» шығу тәжірибесін алуына, олардан қорқуды, жеңілуден қорқуды тоқтатады, бұл оны үлкен ойшылдық және қозғалыстық еркіндікке әкеледі, сонымен қатар жеңіске жету ықтималдығын айтарлықтай арттырады.

Осы орайда, жеңілу ықтималдығын азайту үшін мақсатты дайындық қажет, нақты іс-қимыл жоспары және «В» жоспары, яғни ықтимал тосын жағдайлар кезінде алдын ала жоспарланған қадамдар. Табысты спортшы талдау және жүйелеу қабілетін дамытуы керек. Кәсіби спорттың басты мақсаты – жеңіс. Спортшылар жүлделер, медальдар мен атақтар үшін жарысады, халықаралық және республикалық жарыстарда өз командалары мен елдерінің намысын қорғайды.

Спорттық жетістікке жету жолындағы ең қиын нәрсе – адамның табиғи жалқаулығын жеңу. Көптеген жеңіл қол жеткізе алатын қызықтыратын дүниелердің болуы бүгінде спортшылардың ынтасын түсіреді, оларды спортпен толықтай айналысу мүмкіндігінен айырады. Әртүрлі шектеулерге толы күнделікті өз-өзімен жұмыс жасау - спорттық табыстың негізі. Сондықтан ең алдымен, жаңа бастаған спортшыға кеңес беруге болатын нәрсе - тәртіпті сақтау, жаттықтырушысына сенім білдіру. Осы факторларды біріктіру арқылы ғана табысқа жетуге болады. Спорттық мансаптағы өзгерісті кезең әдетте 15-18 жаста болады. Спортшының алдында таңдау тұрады: оқу мен спортты біріктіру, толығымен спортпен айналысу немесе спортты тастап, оқу. Мектепті аяқтаған кезде оқу және сонымен бірге спорттық мансапты алып жүріп жетістікке жету қиынға соғады. Сонымен қатар, осы жаста гормоналды фон өзгереді және жаңа қызығушылықтар пайда болады - мұның бәрі спортшыларды өмірінің көп бөлігін арнаған нәрседен бас тартуға итермелейді.

Сондықтан спорттық қызмет, әсіресе бәсекеге қабілетті, адамнан үлкен күшті, оның ішінде эмоционалды күштің болуын талап етеді. Жаттықтырушы, әдетте, жарыс алдында әртүрлі шараларды қолдана отырып, старт алдындағы реакцияның қалыптасуына оң әсер етуге ұмтылады. Максималды нәтижеге жету үшін психиканы оңтайлы күйге келтіруге қажетті уақыт барлық спортшылар үшін әртүрлі болуы әбден мүмкін. Әрбір жаттықтырушы өз спортшысын интуитивті түрде түсінуі қажет. Жарыс басталмас бұрын, дене шынықтыру кезінде сіз спортшыға бағытталмаса да, өзіңізді, сөздеріңізді және әрекеттеріңізді мұқият бақылауыңыз керек. Спортшы жаттықтырушыдан қолдау, кеңес, процеске қатысуды күтеді. Ал жаттықтырушының алдағы жарысқа деген оң көзқарасын қалыптастыру, сенімді нығайту көбіне маңыздырақ болып табылады. Жаттықтырушы әрқашан тәлімгер бола алады дегенді алға тартсақ, жаттықтырушы мамандығын таңдай отырып, спортшылар барлық  нюанстар мен өзекті мәселелерді білетін сүйікті ісімен айналысады. Бұл олардың жұмысқа тез үйренуіне көмектеседі.

Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 3 шілдедегі бұйрығымен спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамтамыз ету қағидалары бекітілді. Спортқа кемінде 20 жыл еңбек еткен Олимпиада чемпиондары мен олардың жаттықтырушылары өмір бойы ай сайынғы қаржылық қолдауға құқығы бар. Осы орайда, мен балаларымды олар бейім және жеке өздеріне пайдалы болатын спорт түрімен айналысқанын қолдауды жөн санаймын. Баланың қалауы – заң, ал біздің басты міндетіміз – өзіміздің қалауызымызды орындау үшін ол үшін шешім жасамай, дұрыс байсалды таңдау жасауға үйрету. Балалардың өмірі дәл осындай жағдайлармен қиындатылған, себебі балаларға таңдау мүмкіндігі сирек беріледі, сондықтан таңдау жасауға мүмкіндік беру керек. Алдымен, мотивация - бұл сіздің мақсаттарыңызға жетуге және оған жету үшін мүмкіндік беретін қуатты жеке құрал екенін айту керек.

Мотивация адамның барлық іс-әрекетінде және, әрине, жаттығулар мен жарыстарда маңызды. Менің ойымша, старттарда сәтті өнер көрсету және жоғары спорттық нәтижеге жету үшін қаржылық және жеке мотивацияны біріктіру қажет.

Кәсіби спортта жетістікке жету жолында киыншылықтарға тап болмау мүмкін емес. Бірақ егер сіз оларды уақытында байқап, жеңе алсаңыз, болашақ чемпионды мақсатқа жету жолында ештеңе тоқтата алмайды.

Чемпиондарды тәрбиелеуге деген қызығушылық ең алдымен спортшылардың ата-аналарында, спортшылардың өздерінде, саналы спортшыларда болатыны бүгінде жиі кездеседі. Өкінішке орай, кейбір спорт мекемелер басшылары, шеберлер командалары, жаттықтырушылар қызығушылық танытпайды, қазіргі спорт көбіне пайда табуды көздейді.

Сондықтан да болар, қазір спортшылар арасында қызығушылықсыз жаттығу сияқты қиыншылықтарға кезігудеміз, бұл дайындықты ұғынбай жасауға әкеледі. Немесе ерекше жағдайлар, жасына сәйкес келмейтін жұмыс жүктемесі, жағымсыз әлеуметтік-психологиялық климат, әлеуметтік рөлдерді ауыстыру, дұрыс емес қалпына келтіру және әділетсіз төрешілік, кез келген жолмен нәтиже, өзіне сенімсіздік, күту неврозы болады.

Күтпеген кедергілер – бұл спортшылар табысқа жету жолында кездесетін қиындықтар, кедергілер, қауіптер. Және оларды жеңіп, мақсатына жету – басты парыз.

Бүгінде еліміздің спорт майталмандары маңызды жарыстар алдында тыңғылықты дайындық жаттығуларын өткізді. Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ХІХ Жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғаған еліміздің спортшылары 10 алтын, 22 күміс, 48 қола медаль иеленгені баршамызға мәлім.

Олимпиада ойындары ағымдағы жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында Францияның Париж қаласында өтеді. 2024 жылы  Париж (Франция) қаласында  өтетін Жазғы Олимпиада және пара Олимпиада ойындарына ескерсек, уақыт аз. Ауқымды жұмыстар атқару керек! Бүгінгі танда Париж-2024 Олимпиада ойындарына Қазақстан Республикасының құрама командасы қоржынында 53 лицензиясына ие.

Париж-2024 Олимпиада ойындарына лицензия тізімі:
Бокстан (ер) 6 лицензия

Байдарка мен каноэда есу 6 лицензия

Семсерлесу 5 лицензия

Нысана көздеу 5 лицензия

Грек-рим күресі 4 лицензия

Садақ ату 4 лицензия

Велоспорт 3 лицензия

Еркін күрес 3 лицензия

Қазіргі бессайыс 2 лицензия

Таеквондо 2 лицензия

Спорттық гимнастика 2 лицензия

Стенд ату 2 лицензия

Жеңіл атлетика 2 лицензия

Велотреку 2 лицензия

Әйелдер боксы 1 лицензия

Көркем гимнастика 1 лицензия

Академиялык есу1 лицензия

Батуттық гимнастика 1 лицензия

Бадминтон 1 лицензия

Жазғы паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 08 қыркүйек аралығында Париж (Франция) қаласында өтеді. 

Ұлттық құрама командасы келесі спорт түрлері бойынша қатысуы жоспарлануда: пара дзюдо, пара жүзу, пара үстел теннисі, пара оқ ату, пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг, пара таеквондо, пара каноэ, волейболды отырып ойнау. 

Бүгінгі таңда Қазақстан спортшылары волейболды ерлер арасында отырып ойнау-1, пара жеңіл атлетика-1, пара дзюдо, пара жүзу-3, пара каноэ-1, пара пауэрлифтинг-1, пара таеквондо-3, пара оқ ату-1   спорт түрлері бойынша 11 лицензияға ие болды.

Қазақстан құрамасына Олимпиада ойындарында бірінші кезекте сәттілік тілеймін! Біздің спортшылар маңызды сынақтардан өтті және алдағы байрақты бәсекелерде де жеңістің туын желбіретеді деген сенімім мол!                                                                     

Олжас ӘКІМОВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, PhD доктор