Руханият • 26 Маусым, 2019
Сайын дала Сарыарқаның бір бүйірінде жатқан Қарқаралының ұлт тарихындағы айрықша орны туралы аз жазылған жоқ. Ғажайып табиғаты қандай көркем болса, Қарқаралының тарихи тұлғаларының да тағдыры күрделі болып қалыптасты. Сондай асылдан туған арда азамат, алаштың айбоз ұлы Аманбай Шегіров жайлы әңгіме өрбітпекпіз. Ғасыр басындағы ділгір мамандық дәрігерліктің оқуын оқып, туған халқының дертіне шипа іздеген абзал жан, саналы ғұмырын сан алуан ауру-сырқаттың жанында өткізген, осынау ұлы кәсібін өлгенше сүйіп өткен есіл ер жайлы қанша айтып жазсақ та, артық болмайды.
Аймақтар • 26 Маусым, 2019
«Қайғы – бөліссе азаяды». Бұл күнде Түркістан облысының Арыс қаласында орналасқан әскери оқ-дәрі қоймасындағы алапат жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында «Арыс, біз біргеміз!» атты көмек көрсету іс-шарасына еліміздің барлық өңірлері мен кәсіпорындары, мекемелері, қоғамдық ұйымдары және басқа да жекелеген тұлғалары қатысып, қолдарынан келгенше арыстықтарға қолдау көрсетуде. Бұл қазақстандықтардың кез келген қиындықта жұдырықтай жұмылып, топтаса түсетінін аңғартты. Елдігімізді танытқан ерекше ізгілікті іс-шаралардың өңірлердегі барысы жөнінде тілшілеріміз баяндайды.
Аймақтар • 26 Маусым, 2019
Әскери қоймада болған жарылыстарға байланысты шұғыл түрде көшірілген арыстықтарға жол-жөнекей көмек қолын созушылар көп болды. Жалпы, Арыстағы жағдай қазақылықтың қаймағы бұзылмаған дейтін Оңтүстіктегі ағайынның ынтымағын, қиын кезде қолұшын соза білетін жанашыр екендігін тағы бір байқатты. Жаздың ыстық күнінде бас сауғалап кеткен тұрғындардың алдарынан көрші аудан, ауылдың тұрғындары су, тамақ алып шығып, күтіп алса, бірі көлігіне мінгізіп алып кетіп жатты. Бейтаныс жандарды үйіне алып барып, қондырып жатқандар қаншама. Мұны сол зардап шеккен тұрғындардың өздері айтып отыр.
Аймақтар • 25 Маусым, 2019
Арыс апаты: «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры жұмыс істейді
Түркістан облысы Арыс қаласындағы оқиғадан зардап шеккендерге жәрдем беру үшін Облыс әкімдігінің жанынан ашылған «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына хабарласуыңызға болады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 25 Маусым, 2019
Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығы құрылады
Бүгін Парижде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы ЮНЕСКО аясында Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығын құру туралы келісімге қол қойылды.
Аймақтар • 25 Маусым, 2019
Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылыққа үн қосты
Қазақстан халқы Ассамблеясы әрқашан көмек қолын созудан қалыс қалған емес. Бұл жолы да қайырымдылық ісін жалғастырып, қиындықта қалған жандармен бірге болды.
Президент • 25 Маусым, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Монғолияның Тұңғыш Президентімен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Монғолияның Тұңғыш Президенті Пунсалмаагийн Очирбатпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 25 Маусым, 2019
Мәдениет және спорт министрлігі Арыс қаласына көмек көрсететін штаб құрады
Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті Арыс қаласына көмек көрсететін штаб құрады. Осыған, орай Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы Серік Сапиев қала тұрғындарын аталған қайырымдылық шарасынан қалыс қалмауға шақырды.
Қазақстан • 25 Маусым, 2019
ҰБТ: Бір ғана талапкер 140 балл жинады
Ұлттық бірыңғай тест тапсырған түлектерден республикалық апелляциялық комиссияға 111 өтініш түсті. Бұл туралы бүгін ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев айтты.
Қазақстан • 25 Маусым, 2019
Сенаторлар Арыс қаласындағы оқиғаларға байланысты қайғырып көңіл айтты
«Сенаторлар Түркістан облысының Арыс қаласында болған оқиғаларға байланысты қайғырып көңіл айтты. Әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан адамдар қаза болды, жараланғандар бар, тұрғындарды көшіруге тура келді», деді Дариға Назарбаева жеделхатта. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.