Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22266 материал табылды

Сұхбат • 25 Маусым, 2019

Бізді тарихтың сүрлеуі біріктіре түседі

(Моңғолияның тұңғыш президенті, академик Пунсалмаа ОЧИРБАТПЕН әңгіме)

Аймақтар • 25 Маусым, 2019

Шымкенттік кәсіпкер Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге 10 млн теңге аударды

Шымкенттік кәсіпкер Қайрат Молдасейітов Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге 10 млн теңге аударды. Кәсіпкер қалалық Кәсіпкерлер палатасы қарамағындағы бизнес өкілдерін қайырымдылыққа шақырып, қаржылай көмек көрсету қорын ашты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Аймақтар • 25 Маусым, 2019

Құлманбетовтің қызыл алмалары

Бүгінде өңірдегі «Жаңа Кемер құрылыс» ЖШС-нің басшысы Көшкінбай Құлманбетовтің бірнеше жыл бұрын өз күшімен салған ауқымды сақтау қоймасы халық қажетін өтеп, жеңсік ас – жеміс-жидектің жаздағыдай жасаң күйінде сақталуын қамтамасыз етіп отыр.

Қазақстан • 25 Маусым, 2019

Білім және ғылым министрлігі эвакуацияланған балаларға қатысты жаңа мәліметтер ұсынды

Арыс қаласындағы апат салдарынан эвакуацияланған 1149 бала ата-анасымен қауышты. 15 бала туыс-туғандарына әзірге тапсырылған жоқ. Білім және ғылым министрлігі 25 маусым, таңертеңгі уақыттағы жағдайы бойынша осындай мәлімет таратты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қазақстан • 25 Маусым, 2019

Ұлы дала кеңістігіндегі абыздық

Қазіргі таңда тарихымыздан сабақ алу, өсу жолдарымызды жадымызда сақтау, теңсіздіктен арылып, теңдікке қол жеткізуіміздің қадірін, қасиетін білу аса маңызды.

Руханият • 25 Маусым, 2019

Таңғы сөз алдындағы түнгі ойлар (эссе)

(Соңы. Басы 118-нөмірде)

Аймақтар • 25 Маусым, 2019

Арыстағы апат

...«Апат айтып келмейді» деген рас екен. Арыста алапат жарылыс болды. Айдың-күннің аманында әскери қоймада жарылған оқ-дәрілердің дүлей дүмпуі бейқам отырған жұртты шошытты. «Оттың ісі – қуырмақ» деген осы. Жергілікті тұрғындарды жан-жаққа бездіріп жіберген жойқын жарылыс – шын мәнінде оттың үстінде отырғанымызды көрсетті. Енді ше, тат темірді кеміреді – кеңестік кезеңнен қалған, тат басқан арсеналдан әлдеқашан арылу керек еді. «Күл астында қоламта қалады» дегендей, осы күнге дейін сақталып қалған әлі қаншасы қауіп тудыратынын ойлаудың өзі қорқынышты...

Қоғам • 25 Маусым, 2019

Жан дүниемізді кірлетпейік

Мен барымды бағалап, шүкір етуші жандар қатарынанмын. Бірақ кейде адам баласына деннің саулығы, отбасының амандығы, тіпті ақшаның көптігі де аздық етеді. Оқып отырып, онысы несі дерсіздер... Алайда, күйбең тіршілікте арпалысқан күндер көпшілікке жанның рахатын, рухани азықты бере алмай жатады. Жанның азығын іздемейтіндер де болатын шығар. Білмеймін, өз басым жан тазылығы рухани азықтан және қоршаған орта тазалығынан деп түсінемін.

Видео • 25 Маусым, 2019

Президент Арыс қаласын аралады (видео)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласында болған жарылыс салдарынан бүлінген ғимараттарды көрді. Ол снарядтар жарылған құрылыстарды аралады.

Аймақтар • 24 Маусым, 2019

Арыстағы жарылыс: №87 мектептегі эвакуациялық бекетке 12 бүлдіршін жеткізілді

Сағат 12:00- ден өте Шымкент қаласындағы №87 мектепке Арыстағы «Алтын тұмар» бөбекжайынан 12 бала жеткізілді.