Зерде • 19 Шілде, 2024
Еліміздің тарихқа бай өңірінің бірі – әйгілі Тараз Қаратауы. Бұл аймақтың тау-қыраттарының (Найзағызыл, Қыскөпір, Ақтөбе, т.б.) өзі шежіреге толы. Мұның сыртында Билікөл, Ақкөл, Тұздыкөл секілді аңызға тиек болған көлдері де бар. Өсімдіктері, жеміс-жидектері де ерекше. Дейтұрғанмен, тарихи ескерткіштерінің жөні бөлек. Сондай мұраның бірегейі – «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-музейінің қарауына тиісті Талас ауданындағы Үшарал мешіті.
Әдебиет • 19 Шілде, 2024
Тарих қаһармандықтан ғана тұрмайды
Жошы – қазақтың ішіне түскен дерт. Жошы – қазақтың жолына біткен серт. Қалам-хат ұстаған қауым сол екі шектің шырғауынан шыға алмайды. Ал осы дұрыс па?
Саясат • 18 Шілде, 2024
Қалпына келтіру іс-шарасы жүйелі қадағаланады
Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқынынан кейін тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Зерде • 18 Шілде, 2024
Асылдың сынығы, алтынның үзігі...
Алаштың арда азаматы, мәдениеттанушы, әке жолын жалғаған дара тұлға Мұрат Әуезовтің бұл пәнимен қоштасқанына қырық күн толады. Әкесі Мұхтар Омарханұлының мұрасына адалдық танытқан, Алаш зиялыларының ізбасарына айналған Мұрат ағаны біз қалай дәріптесек те жарасады. Қазақта «Ат тұяғын тай басар» деген керемет мәтел бар.
Әдебиет • 18 Шілде, 2024
Тәуелсіздікті ту еткен шығармалар
Балалар поэзиясының орыс, қазақ тіліндегі қазынасын бойына сіңіріп, өзіне дейінгі, қазіргі және кейінгі жанрлық түрлерін, ізденіс, жаңалықтарын жақсы білетін халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Болат Үсенбаев «Тәуелсіздік деген не?» өлеңдер мен ертегілер жинағында жасөспірімдердің ойлау, сөйлеу қабілетін, сөздік қорын жетілдіруін, еліміздің рәміздерін қастерлей білуін, ұлттық құндылығымызды бағалай алатындай азамат болып өсуін мақсат тұтқан.
Руханият • 18 Шілде, 2024
Бүгінгі қазақ жазушыларына айтылатын басты сын не деп ойлайсыз? Ол – жазушыларымыздың өз замандастарының өмірін көрсете алмауы, уақыттан қалып қоюы деген әңгіме. Бұл сынның шындығы да бар, бірақ бәрін бірдей осы сөздің уысында қалдыруға бола ма? Жазылып жатқан дүниелер, сомдалып жатқан образдар бар. Соның бір айғағы – Қуандық Түменбайдың 2021 жылы «Әдебиет» баспасынан шыққан «Саябақтағы классикалық әуен» атты кітабы дер едім.
Жәдігер • 18 Шілде, 2024
Ғалымжан Мұқанов есімді талантты аудармашы болды. Тәңіртау етегіндегі қарапайым қазақ ауылының баласы. Абай атындағы ҚазПИ-дің – тіл-әдебиет, Алматы шет тілдер институтының француз бөлімін бітірген. Талай қазақ классигін французша сөйлетті. Есімізде қалғаны Клер Клермонттың «Владимир мен Зара» атты поэмасын 80-жылдары тұпнұсқадан қазақшаға аударғаны еді. Ғалекең қазақтың маңдайына сыймай кетті... Әлгі поэмада қазақ өмірі туралы француздың көзқарасы әдемі сипатталады.
Саясат • 17 Шілде, 2024
Мал шаруашылығына геномдық технология қажет
Халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мал шаруашылығымен сабақтасып жатыр. Шаруашылықтың бұл түрі бойынша бәсекеге қабілетті елдердің қатарында болу экономикалық тұрғыдан өте маңызды. Кейінгі жылдары озық технологиялар жетістіктері мал селекциясында айтарлықтай революция жасады. Солардың бірегейі – геномдық технология. Әлемдік тәжірибеде геномдық технология – мал тұқымын асылдандыруда қолданылатын заманауи озық әдіс.
Қоғам • 17 Шілде, 2024
XXI ғасырда технологиялық даму қарқынды жүріп жатқаны белгілі. Жасанды интеллекттен бастап электр көліктерін өндіру, байланыс пен өндіріс саласын роботтандыруға дейінгі экономиканың сан-саласын қамтыған дамудың негізгі қозғаушы күші ғылым екені анық. Осы мақсатта Дүниежүзілік экономикалық форумының «Frontiers» ғылыми журналдар баспагерімен бірлесіп жасаған биылғы 12-есебінде талданған бірқатар ғылыми жаңалықтарды оқырман назарына ұсынамыз. Есепте Жаһандық болашақ кеңесінің сарапшылары мен 300-ден астам жетекші ғалымдары және дамушы технологиялардың басқарушы тобындағы 10 жетекші мүшесінің тәжірибесіне сүйене отырып, қоғам мен экономикаға айтарлықтай әсер ететін 10 жаңа технология анықталады.