Аймақтар • 24 Қазан, 2023
Екібастұз, Павлодар қалаларында дін тақырыбында семинарлар өтті
«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Екібастұз және Павлодар қалаларында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері іске асырылды.
Республика күні • 24 Қазан, 2023
Республика күні – бірлік, рухани келісім және бейбітшілік мерекесі
Құрметті отандастар! Ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! 25 қазан – еліміздің тарихындағы маңызды күндердің бірі. 1990 жылы нақ осы күні Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.
Президент • 24 Қазан, 2023
Еңбегі елеулі азаматтар мемлекеттік марапатқа ие болды
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Марапат • 24 Қазан, 2023
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары анықталды
Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2023 жылғы мемлекеттік сыйлығының лауреаттары белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қазан, 2023
Бақтықожа Ізмұхамбетов – Қазақстанның Еңбек Ері
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Республика күні қарсаңында үш адам «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапатталды, деп хабарлайды egemen.kz.
Өнер • 24 Қазан, 2023
Димаш Құдайберген Қазақстанның халық әртісі атанды
Биылдан бастап қайта беріле бастаған «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағымен бір топ өнерпаз марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марапат • 24 Қазан, 2023
Қазақстанның халық жазушысы атағы 6 қаламгерге берілді
Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ел дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды egemen.kz.
Еңбек • 24 Қазан, 2023
Біз әріптес аға буынның кәсіби шеберлігі мен адамгершілік өнегесін көп айта бермейді екенбіз. Ойланып қарасақ, бұл – аса өзекті тақырып. Белгілі бір салада біліктілігін арттырып жүрген жастарға шеберлік сабағы десек те артық емес. Халқымызда «Аға болсаң, ақыл айт, ақыл айтсаң, мақұл айт» деген тамаша бір нақыл бар. Мұның мәні қарапайым өмірде ғана емес, кәсіби қызметте де ерекше. Яғни әрбір адам өз сласында артынан еріп келе жатқан жас буынға кәсіби деңгейде кеңес бере алуы қажет.
Үкімет • 24 Қазан, 2023
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтіп, депутаттар Сенат жанынан Инклюзия жөніндегі кеңес құру мәселесін қарап, оның құрамын бекітті. Сондай-ақ олар 26 қазан күні өтетін Палата отырысының күн тәртібін бекітті.
Қазақстан • 24 Қазан, 2023
Жерасты су көздерін игеру маңызды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында еліміз үшін ең өзекті мәселелердің бірі – су ресурсына айрықша тоқталды. Халық саны мен экономика өскен сайын оның тапшылығы да ұлғая түсетініне баса мән берді. «Қазақстандағы су тапшылығы 2040 жылдарға қарай 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін. Жалпы, біз – трансшекаралық су көздеріне тәуелді елміз» деп атап көрсетті Президент. Сондай-ақ ішкі су ресурстарын ысырапсыз пайдалану, оны үнемдейтін озық технологияны енгізу мәселелерін алға қойды. Осы орайда су көздері тапшы Жезқазған өңірінде де түйткілді мәселеге барынша мән беріліп, алаңдатарлық ахуалдың алдын алу қажеттігі күн тәртібіне қайта шықты.