Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22266 материал табылды

Пікір • 04 Қыркүйек, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында қазіргі әлемде энергия тапшы­лығының күшейіп бара жат­қанын ескере отырып, атом энергетикасын дамытуға баса мән беру керегіне тағы да тоқталды. Ол еліміз болашағының қамы үшін салынатын атом электр стансасы туралы барынша байыпты шешім қабылдау жұртшылықпен бірлесіп қана жасалуға тиіс деген ұстанымын қайыра еске салды.

ЖОЛДАУ • 04 Қыркүйек, 2024

Жұмысшы мамандарды көтеретін уақыт келді

Жалпы, әр жылғы Жолдаудың бір-бірінен айыр­ма­шы­лығы және үнемі байланысы болады. Олай дейтін себебім, мәселен, 2022 жылғы Жолдауда негізінен сая­си бағыт басым еді. Ал былтыр Президент көбіне экономикалық мәселелерге кеңірек тоқталды. Биылғы Жолдауда негізінен барлық сала, біраз бағыт қамтылды. Өзім «Ауыл» партиясының мүшесі болғандықтан, Жолдауда айтылған оннан аса бағыттың ішінен мені асыраушы салаға қарата айтылған мәселелер көбірек қызықтырды. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамытуға байланысты Үкіметтен беріліп жатқан қаржының жетпіс пайызы мемлекеттік бюджеттің ақшасы екенін атап өтті.

Саясат • 04 Қыркүйек, 2024

Азия-Тынық мұхиты конференциясына қатысты

Астанада инклюзия және трансформация мәселелері жөніндегі Азия-Тынық мұхиты ми­нистрлік конференция­сы өтіп жатыр. Пленарлық сес­сияға Үкімет басшысы Олжас Бектенов, БҰҰ Бас хатшысының орын­басары және АТМЭӘК-тің атқарушы хат­шысы Армида Салсия Алишахбана, сондай-ақ үкіметтер көшбасшы­лары мен технология сарапшылары қатысты.

Пікір • 04 Қыркүйек, 2024

Ауыл шаруашылығы – орта бизнесті нығайтудың бірден-бір көзі

Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында алдағы уақыттағы еліміздің негізгі жұмыс бағыттарын атап өтті. Бүкіл Жолдаудың негізгі идеясы халықтың әл-ауқатын, табысын арттыруға бағытталды. Президент мақсатқа жетудің маңызды құралдарының бірі экономика құрылымын өзгерту, орта бизнесті нығайту және еңбекке әділ баға беру деді. Бұл ауыл шаруашылығына тікелей қатысты, мұнда саланың тірегі – күшті орта шаруа қожалықтары және жарты өмірін далада өткізетін кәсіби фермерлер.

Digital • 04 Қыркүйек, 2024

Цифрлық инклюзия: Жаһандық үдеріс, заманауи талап

Кеше Астанада Біріккен Ұлттар Ұйымының үш күнге созылған Цифрлық инклюзивтілік және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министр­лер конференциясы басталды. Ауқымды жиынға цифрландыру және ақпараттық технологиялар министрлері бастаған отыздан астам елдің делегациясы келді. Конференция цифрлық технология саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, цифрлық алшақтықты қысқарту стратегияларын әзірлеуге, озық тәжірибелермен алмасуға, тұрақты дамуға ықпал ететін инновацияларды дамытуға бағытталған. Маңызды іс-шараға Азия және Тынық мұхиты аймағы елдерінің цифрландыру және IT министрлері, әлемнің түкпір-түкпірінен келген сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, жеке сектор және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Үкімет • 04 Қыркүйек, 2024

Әлем деңгейінде маман даярлаудың маңызы

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шет­елде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комис­сияның кезекті отырысы өтті.

Қоғам • 03 Қыркүйек, 2024

Әдеби мектептің жаңа мүмкіндігі

Әдебиет пен мәдениеттің қай­наған ортасы саналатын ару шаһар Алматыдан алыста жүрген жас қаламгерлерге қолдау мен қол­паштаудың маңызы зор екені шындық. Десек те кейінгі жылдары осы қасаң пікірдің көбесі сөгіліп, Жазушылар одағы жас­тарға қатысты ірі-ірі жобаларды жүзеге асырып келеді.

ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2024

Жолдауда көкейімізде жүрген бір сұрақ көтерілді

Бір жағы білім саласында жүргендіктен болар, Мемлекет басшысының халыққа қаратып айтқан барлық Жолдауынан хабардармыз десек те болады. Бірақ осы үндеудегі көкейімнен шыққан сөздерді құзырлы орындар тыңдап, келелі шешімдер қабылдаса екен деген тілекпен, үнсіз қала алмадым.

ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2024

Жолдаудың айшықты міндеттері

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, ішкі және сыртқы саясаттарын жетілдіре түсудің айшықты міндеттері жарқын көрініс тауып отыр.

ЖОЛДАУ • 03 Қыркүйек, 2024

Түйткілді мәселелер түйінін тарқататын кез келді

Дәстүрге сай осы жылдың саяси - экономикалық, әлеуметтік бағдарын Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Парламент сессиясымен бірге ашып, «Әділетті Қазақстан: құқықтық тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.