Ата заң • 29 Тамыз, 2024
Қазақстан Республикасы Конституциясының әлеуметтік құндылығы туралы
Қазақстан Конституциясының маңызды артықшылықтарының бірі – оның жалпыға бірдей танылған демократиялық құқықтық идеялар мен қағидаттарға бағытталғандығы. Еліміздің Негізгі Заңының 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені көрсетілген.
Ата заң • 29 Тамыз, 2024
Қазақстан Республикасының Конституциясы: тұрақтылық пен өркендеудің кепілі
1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекет дамуының құқықтық негізін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ елдің тұрақтылығы мен өркендеуіне кепілдік беретін іргелі құжат. Бұл құжат Қазақстанның құқықтық жүйесінің өзегі бола отырып, демократия, заң үстемдігі және әлеуметтік әділеттілік принциптерін қамтып, оны мемлекеттің табысты дамуының негізіне айналдырады.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2024
Судьяның кәсіби қызметін бағалау институтының даму тенденциялары
Тиімді сот жүйесі - құқықтық мемлекеттің негізі және азаматтық қоғам дамуының алғышарты. Қазақстан Республикасының бағдарламалық құжаттарында тәуелсіз және әділ сот жүйесін одан әрі дамыту қажеттігі атап көрсетілген. Сот реформаларын табысты іске асырудың шешуші факторларының бірі – кәсіби сот корпусының болуы.
Digital • 29 Тамыз, 2024
Астанада «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» атты педагогикалық тамыз саммиті өтті. Онда еліміздегі орта білімнің сапасын көтеру жұмыстарына жан-жақты баға беріліп, осы бағытта жаңа технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні пайдалану мәселесі сөз болды.
Қоғам • 29 Тамыз, 2024
Сынақтан зардап шеккендерді қолдау маңызды
1992 жылы 18 желтоқсанда «Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заң қабылданды. Кейін бірнеше бапқа өзгертулер енгізілген. Алайда ядролық сынақтардың зардабын тартып отырған жұрт мемлекеттен алуға тиіс әлеуметтік көмекке әлі де толық көлемде қол жеткізген жоқ.
Құқық • 29 Тамыз, 2024
Адам құқын қорғау – негізгі құндылық
Еліміздің ең басты құжатында баяндалғандай, адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – мемлекеттің ең құнды қазынасы. Түп негізін Конституциядан алатын заңдардың барлығы халықтың өмір сүру сапасын арттырып, құқығы мен бостандығын сақтап, қалыпты жағдайда өмір сүруіне алғышарт болуға тиіс. Екі жыл бұрын 5 маусымда өткен республикалық референдум да адам құқының әділ қорғалуына жол ашқан маңызды шешім болды. Конституциядағы соңғы өзгерістер елді демократияландырып, азаматтардың саяси және қоғамдық өмірге белсенді араласуына жол ашты.
Ата заң • 29 Тамыз, 2024
Тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы
Жаңа мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындаған Ата заңымыздың қабылданғанына биыл 29 жыл толғалы отыр. Жылдар ағымына сай бағамдайтын болсақ, бұл аса көп мерзім емес. Сәйкесінше, Конституциямыз әлем елдері ішінде ең жас заңдардың санатына жатады. Дегенмен осы уақыт ішінде адам құқықтары мен міндеттерінің өзара үйлесімдікте болуының алғышарттарын қалыптастырушы құнды құжат қоғамдағы өз орнын, өз өміршеңдігі мен мән-маңызын айшықтап үлгерді.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2024
«Самұрық-Қазына» қоры Абай облысына жаңа спорт кешенін тарту етті
Еліміздің ұлттық әл-ауқат қоры өңірлердің спорт инфрақұрылымын дамытып, халықтың бұқаралық спортпен айналысуымен жағдай жасап келеді. Сондай жаңа нысандардың бірі «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыповтың қатысуымен Абай облысы Жаңасемей ауданының Шүлбі кентінде іске қосылды.
Тарих • 29 Тамыз, 2024
Семейдегі ядролық әскери полигонның зардабын көпшілік әлі ұмыта қойған жоқ. Ал бүгін – осы полигонның жабылған күні. Қазақ жерін қырық жылдан аса уақыт уға бөктіріп, талайдың ғұмырын қиған, қаншама жанның жүрегіне жазылмас жара салған тажалды еске алу да оңай емес.
Тәрбие • 29 Тамыз, 2024
Ауылда өстік, әке тәрбиесі мен өсиетінен туған жер мен бабалар өнегесін бойымызға сіңірдік. Ауылда үлкеннің орны ерекше еді. Ол – көпті көрген, өмірлік тәжірибесі мол, ойлы, орны ерек кісі. Сөзі мәнді, өмір бұлтарыстарында орынды бағыт беруші, үлкенге де, кішіге де лайықты жол көрсетуші. Әр отбасында болатын қиындықтар ауыл ақсақалының назарынан тыс қалмайтын. Қажет болса, баршаны сол түйткілдің шешімін табуға ұтымды жұмылдырады. Екеуара болып жататын кейбір ренжісулерді де ауыл ағасы дер кезінде шешіп, тыйып, тоқтатып жатады.