Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22266 материал табылды

Үкімет • 27 Тамыз, 2024

Адам құқын қорғау – жоғары мәртебе

Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай Бас прокуратура ұжымы­мен кездесті. Басқосу кезінде Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында белгілеп берген идеологиялық басымдықтар, сондай-ақ «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс мәселелері талқыланды.

Басылым • 27 Тамыз, 2024

QR-кодпен шыққан кітап

Қазір кітап шығару жаңалық болмаса да, бұл жолғы еңбектің ептеген ерекшелігі бар. «Құрмет» орденінің иегері, Шардара ауданының Құрметті азаматы Тұрғанбек Қанаевтың «Шардарадан шырқалған әндер» атты кітабы жарық көрді. Алматы қаласындағы «Қазақ кітабы» бас­­пасынан шыққан бұл жинаққа аты айтып тұрғандай, автордың сөзіне жазылған әндер топтастырылған. Мұнда әндер нотасымен берілсе, сол нотаның астына QR-коды қоса енгізіліп отыр. Яғни осы код арқылы шығарманың орындалуын тыңдай аласыз.

Руханият • 27 Тамыз, 2024

Шеберлікке құрмет

Кез келген кітапқұмар адам қолына жаңа кітап алғанда алдымен қарайтыны да, көретіні де, әрине, кітап авторы, аталуы, суретшісі, безендірілуі, тағы басқа полиграфиялық, баспалық, техникалық мәліметтері. Солардың қатарында кітаптың соңғы бетінде тұратын, қарапайым ғана жазылатын «редактор» деген сөзге кітап авторының өзі болмаса, көпшілік оқушы мән бере бермеуі де мүмкін. Кітаптың инженерлік, полиграфиялық, баспалық, дизайндық жасақтары, оны біліктілікпен тартымды, көрікті етіп орналастыру – бөлек әңгіме. Әрине, ол – үлкен өнер.

Энергетика • 27 Тамыз, 2024

Атом энергетикасы Қазақстанның тұрақты болашағы үшін қажет

Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі белсенді түрде талқыланып жатыр. Өкінішке қарай, пікірталас көбінесе атом энергетикасы туралы әртүрлі үрейлер мен мифтерге толы эмоционалды көзқарасқа алмасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Энергетика • 27 Тамыз, 2024

Қазақстанның атом өнеркәсібін дамыту қоғамдастығы АЭС салуды қолдайды

Қазақстанның атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығы Үкіметтің бірінші атом электр станциясын салу бастамасын қолдайтынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 27 Тамыз, 2024

Атырауда «Отбасы банк» АҚ ашық есік күнін өткізді

«Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалы өңірде  алғаш рет жергілікті тұрғындарға арналған ашық есік күнін өткізді. Мұндағы басты мақсат – «Наурыз» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген заем алуға банктен мақұлдау алған тұрғындарға үй таңдау бойынша және төлем қабілеттігін растау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 27 Тамыз, 2024

Жас дарындар үшін жаңа көкжиектер

Өңірдегі балаларға қосымша білім берудің жаңа дәуірінің басталуының айшықты нысанына айналған Орал қаласындағы Балалар техникалық шығармашылық орталығы ауқымды жаңартудан өткен соң білім алушыларға қайтадан есігін айқара ашты. Бұл жоба Орталық басшысы Бақытжан Мәуленовтің бастамасына Парламент Мәжілісінің Заңнама комитетінің төрайымы Снежанна Имашеваның, сондай-ақ Орталықты жөндеу мен жаңартуды толық қаржыландырған «NNEF» Қоғамдық қоры мен «Халық» қайырымдылық қорының қолдау жасауы арқасында жүзеге асырылған болатын.

Қоғам • 27 Тамыз, 2024

«Құдайға күпірлік жасама!»

Біздің ауыл тартылған теңіз жағасында. Бір кездері атағы дүрілдеген іргелі шаруашылық болған деседі. Болса болған шығар, оған дау айту қиын. Ал қазіргі тірліктеріне қарадай-қарап қарның ашады. Іштегі күңкіл ғой... Есті кісі туған жерін қиянатқа қия ма? Теңіздің «тірі» кезіндегі берекеден бүгінде тұтамдай белгі қалмаған. Балық өңдейтін шағын зауыттың күнге күйген қамыс қабырғалары сонадайдан ырсиып-ырсиып көзге қораш көрінеді. Төбедегі өрлік бөренелерін біреулер ұрлап әкеткен. Қора соқсақ та неміз кетеді деген шығар.

Отбасы • 26 Тамыз, 2024

Әкеңді күт

Шешем терезеге телміріп тұр. Менің бала кү­німде де солай еді. Бүгін де өз­гермепті. Сондағысы мектепте мұ­ғалім болып істейтін әкейді күтеді. Кейде қайнап жат­қан қазанның көбігін алып жатып:

Қоғам • 24 Тамыз, 2024

Отандық такси қызметі неге тоқырап тұр?

Еліміздегі такси нарығының тарифі жыл өткен сайын қымбаттап барады. Бұған себеп болатын басы ашық екі фактор бар болса, соның бірі де бірегейі – негізінен шетелдік ірі платформалардың қызмет көрсететіні. Такси қызметі халыққа қолжетімді болуы үшін отандық такси қызметін іске қосудың маңызы зор. Мұндай маңызды стартап жақын арада жүзеге аса ма?